Валюта бағамы: $ 314.4 343.83 5.51 ¥ 45.6

КӨРМЕ – ЕЛДІКТІҢ ЕРЕН ЖЕМІСІ

14-сәуір күні «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің кітапхана бөлмесінің оқырмандар залында «ЭКСПО 2017 көрмесі – елдіктің ерен жемісі» атты көрменің ашылуы болып өтті. Көрме елімізде 2017 жылы халықаралық мамандандырылған ЭКСПО көрмесінің өткізілетіндігіне және осы көрмені насихаттау, таныту мақсатында ұйымдастырылды.

Көрменің ашылуына «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік та­рихи-мәдени қорық-музейі қызметкерлерімен бірге, музейге ерен еңбегі сіңген Саян Қожамұратов, Жайна Илиясова сынды ардагерлеріміз қатысып, өз ойларын ортаға салды.
«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде жылдар бойы қызмет етіп, еңбегінің зейнетін көрген С.Қожамұратов ЭКСПО – 2017 көрмесін өткізудің біздің Тәуелсіз жас мемлекетіміз үшін маңыздылығын айтып, барлық қызметкерлерге сәттілік пен биік белестерге жетуге шығармашылық табыстар тіледі.
Келесі кезекте қорық-мұражайдың ғылыми қызметкері А.Орынбекова әлемнің 100-ден астам елі, халықаралық ұйымдар мен инновациялық компаниялары қатысатын «Болашақ энергиясы» ЭКСПО – 2017 көрмесінің тарихы, мақсаты, атқарылған жұмыстары мен жеткен жетістіктері жайлы қысқаша мәлімет берді.
Көрме экспозициясында ЭКСПО – 2017 тарихы жайлы сыр шертетін бірегей фотосуреттер, баспасөз беттеріне басылған мақалалар, мұражайымыздың баспа өнімдері көп­шілік назарына ұсынылды.

Ернар ОРМАНОВ


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X