Валюта бағамы: $ 333.32 392.58 5.64 ¥ 50.02

ҚОСШЫДАҒЫ «САПА СУ» СЕРІКТЕСТІГІ

Оңтүстік Қазақстанда жаңадан 100 кооператив құрылады

Целиноград ауданының Қосшы ауылындағы «Сапа су» серіктестігі өткен жылы жақсы жетістіктерге жетті. Мұнда жыл көлемінде 85477 тонна темір бетон өнімдері шығарылды. Бұл туралы Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин аталған кәсіпорында болған кезінде атап айтқан болатын.

Аймақ басшысы цехтағы Германияда жасалған қондыр­ғылардың жұмысымен танысты. Аумағы 5 мың шаршы метрді құрайтын «Сапа су» зауыты – Қазақстанда темірбетон бұйымдарын жасап шығаратын ірі кәсіпорын. Үдемелі индус­триялық-инновациялық даму бағ­дарламасы аясында пайдалануға берілген зауыт құбыр, монолиттік құдықша, технология­лық бетон және өзге де темірбетон бұйымдарын жасап шығарады.
Мұндай өнімдер бүгінде тез дамып келе жат­қан жол және азаматтық құрылыс инженер­лік желілер нарығында ауадай қат болып отыр. Өткен жылы 85477 тонна өнім шығарылды. Оның ішінде 12700 дана бетон құбыр, 11500 дана плита, 500 дана суағар, 7000 дана блоктар бар. Кәсіпорында биылғы жылдың алғашқы тоқсаны да табыспен қорытындыланғалы отыр. Еңбек өнімділігі жоғарылаған сайын кәсіпорын жұмысшы-қызметшілерінің де көңіл-күйлері көтеріңкі, жұмыстары өнімді болуда.
Зауыт еліміздің солтүстік өңірлерін технологиялық бетонмен және сапалы темірбетон бұйымдарымен қамтамасыз етеді. Кәсіп­орында 120 жаңа жұмыс орны құрылған, Мұның өзі жергілікті тұрғындарға үлкен көмек болып отыр.

Ибрагим Бекмаханұлы


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X