Валюта бағамы: $ 336.05 394.49 5.85 ¥ 50.63

Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға

Тарихтың белгілі кезеңдерінде Қазақ елінің мыңдарға отан болғаны белгілі. Сондай тағдырдың  тәлгегіне ұшырап, 13 сәуір 1937 жылы Қырымның Симферополь қаласында туған Энвер ата-анасымен бірге Қазақ жерінің Алматы қаласына қоныс аударады. Он жылдық білімді Алматы қаласының №33 мектебінде алып, сол жылы Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтының механизация факультетіне оқуға түседі. Институтты үздік оқыған Энвер Рамазанұлы 1961 жылы «Машина жөндау» кафедрасынан  дипломдық жұмысты қорғап, Халық комиссариатының жолдауымен, қазіргі Астана (Целиноград) қаласына жіберіледі. Еңбек жолын «Казахсельмаш» зауытының тәжірибелік цехында мастерліктен бастайды.

1962 жылы Алматыға қайта оралған Энвер Рамазанұлы «Металдар технологиясы» кафедрасына оқытушылық қызметке кіріседі. Оқытушылық жұмысын жалғастыра жүріп, 1966 жылы аспирантураға түсіп, «Машина қозғалысы геометриясының кеңістіктегі өзгерісі» тақырыбына профессор А.О.Проскурякова бас­шылығымен кандидаттық дис­сертациясын қорғап, техника ғылымдарының кандидаты, кейінірек КСРО ЖАК шешімімен доцент атағын алады.
Энвер Рамазанұлының ұс­таз­дық шеберлігі және студентке деген қамқорлығы жоғары мемлекеттік органдардан баға­ланып, Білім және ғылым минис­трлігінің бірнеше мақтау­ларымен марапатталады.
Іскерлігімен және оқушылар мен қызметкерлердің арасындағы беделі, оны «Машина жөндеу» кафедрасының меңгерушісі қыз­метіне көтерсе, 1984-1985 жылдар аралығында «Машина жөндеу технологиясы және ұйымдастыру» факультетінің декандығына сайлайды.
Студенттерге берген білімі­мен қатар, ғылым саласына да көрнекі із қалдыра білді. Энвер Рамазанұлының Ауыл ша­руашылығында қолданылатын техниканың тиімді жұмыс жасауын арттыратын ғылыми ең­бектері бір сала болса, оның ішінде «Қант қызылшасын жинау және өңдеу техникасын жетілдірудегі» еңбегі орасан зор. Бұл еңбегі ауыл шараушылығы министрілігі тарапынан өте жоғары бағаға ие болды.
Энвер Рамазанұлының жаңа заманның оқыту технологиясына бойлап кіріккендігі соншалық, қазіргі электрондық оқыту технологиясына бірнеше анимациялық және видеотақырыптық кітаптар дайындап үлгерді. Жаңа оқыту жүйесін енгізудегі жұмыстары үшін ҚР БҒМ-нің медалімен және Қазақ ұлттық аграрлық университетінің «Еңбек ардагері» медалімен, сонымен қатар ауыл шаруашылығы еңбек арда­гер­ле­рінің мақтау қағазымен мара­пат­талған.
Энвер Рамазанұлы қазіргі уақытта Қазақ ұлттық аграрлық университетінің инженерлік фа­культетінің «Машина пайдалану» кафедрасының профессоры болып қызмет атқаруда.
Қазақ елінің білім беру саласында және ауыл шаруашылығы саласында ерен еңбегімен көзге түскен Энвер Рамазанұлына білім саласындағы теңіздей сарқылмас біліміңіз болашақ ұрпақ, қинал­май жүзетіндей айдынға айналсын, деп тілек білдіреміз.

Мұхамет-Шәріп КЕНЖЕБАЕВ


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X