Валюта бағамы: $ 336.05 394.49 5.85 ¥ 50.63

ҚОСТАНАЙДА ЖЕҢІЛ КӨЛІК ҚҰРАСТЫРЫЛАДЫ

Өны өзбек әріптестерімен бірге «СарыарқаАвтомПром» жүзеге асырады

Қостанайлық машина жасаушылар өзбекстандық әріптестерімен бірге серіктестік туралы стратегиялық құжатқа қол қойды. Енді Ravon Nexia R3 маркалы седан көлігі Қазақстанда, яғни «СарыаркаАвтоПром» өндіріс алаңында жиналатын болады.

Кәсіпорынның Қостанайдағы бөлімшесінің баспасөз хатшысы Ангелина Синева бұл жағдайға «біздің компаниямыздың және Қазақстандағы барлық автопромның көптен күткен оқиғасы» деп пікір білдірді. Өзбекстандағы жеңіл автомобиль өндірушісі және экспорттаушысы «GM Uzbekistan» АҚ қазақстандық ұлттық автокөлік құрылғыларын өндіруші «Allur Group» компаниясымен бірлесіп, Қостанайдағы кәсіпорында ірі блок құрастыру технологиясы (SKD) бойынша Ravon Nexia R3 моделін өндіру жобасының соңғы кезеңіне кірісті.
Жоба аясында «GM Uzbekistan» АҚмен «СарыаркаАвтоПром» ЖШС арасында серіктестік туралы келісімге қол қойылды. Алғашқы кезеңде Қостанай қаласында SKD өндірісті Ravon Nexia R3 седаны жылына 3 мыңға дейін автомобиль шығаратын болады. Кейін кезең бойынша автомобиль өндірісі 7 мыңға дейін артады. Ravon Nexia R3 автомобильдері Allur Auto және «Уз Авто Азия» ЖШС компанияларының дилерлік желілері арқылы жүзеге асырылады.

Ибрагим Бекмаханұлы


Оқи отырыңыз

Пікір(1)

  • Арман
    12.04.2017 at 4:18 pm

    Көліктердің сапасы қандай болар екен? Бағасы ше?

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X