Валюта бағамы: $ 333.08 391.5 5.64 ¥ 50

НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНЕ АРНАЛДЫ

Қаламгерлер шахмат тақтасында кездесті

Кейінгі жылдары қазақстандық спорт әлемінде шахматқа айрықша назар аударылып, оған әсіресе,балалар мен жасөспірімдердің батыл ден қоя бастағаны белгілі.

Бұл, әрине, аса қуанарлық жайт. Өйткені, парасаты мен пайым өресі биік жандар шахматтың спортқа ғана емес, ғылым мен өнерге де тікелей қатыстылығы хақында үнемі қайталап айтып келеді. Соның астарында, бұлтартпас шындықтың жатқаны, шүбәсіз. Сәл ғана ой жүгіртіп көре­лікші… Мәселен, шахмат тақтасын ортаға алып, ойын қызығына бе­ріл­гендер – өзара бәсеке­лес. Оның бірі – жеңілгенін еріксіз мойын­даса, екіншісі жеңіске жетіп, мар­қаяды. Демек, шахмат – спорт.
Шахмат десе ішкен асын жерге қоятын жұртшылық өткен аптада Оқушылар сарайына жол тартты. Өйткені мұнда «Айқын» газетінің жүлдесі үшін әрі Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне арналған журналистер арасында дәстүрлі шахмат турнирі жалауын көтерді. Алғаш рет «Айқын» газеті ұйым­дастырған турнир Дүние­жүзі­лік шахмат федерациясы болып саналатын ФИДЕ кодексіне сай швей­цариялық жүйемен тұңғыш рет өткізілді.
Биылғы сайысқа әртүрлі басылым, сайт, телеарнадан келген жалпы саны 30 шахматшы қатысты. Швейцар жүйесі болғандықтан шахматшылар ұзын соңы барлығы 7 ойынға ұласты. Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Арсилан Алахунов иеленді. Ол 7 ойыннан 6,5 ұпай жинады. Екінші орынға 6 ұпаймен Қуаныш Сүлеймен табан тіреді. Ал жүлделі үшінші орынды 5 ұпай жинаған Бақдәулет Құмар иеленді.

Нұрлан ҚҰМАР


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X