Валюта бағамы: $ 330.39 392.04 5.65 ¥ 50.04

Субсидиялау жүйесі қалай өзгереді?

Әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті болу межесі еліміздің агроөнеркәсіптік кешені саласының алдына тың міндеттер қояды. Елбасы бұл перспективаға әрдайым назар аударып келеді. Бұл тұрғыда Қазақстанның экономикалық өсімінің негізгі драйверлерінің бірі болуға ұмтылып отырған аграрлық сала дамуында тиімді де оңтайлы тетіктерді қарастырудың маңызы зор. Осыған орай, ауылшаруашылық тауар өндірушілерін мемлекеттік қолдау шараларын жетілдіруге, субсидиялар тиімділігін арттыруға қатысты сауалымызға Ауыл шаруашылығы министрлігінің қоғаммен байланыс басқармасының басшысы Жасұлан ӘБДІМАНАП жауап берген болатын.

1. Субсидиялауды жетілдірудің жалпы шаралары, оның ішінде, субсидиялау жүйесінде орын алатын өзгерістер қандай?

Субсидиялар тиімділігін арттыру және АШТӨ-ні мемлекеттік қолдау шараларымен барынша қамту мақсатында субсидиялау өлшемшарттары мен нормативтерінің егжей-тегжейлі айқындамасы қолданылатын болады. Субсидиялар басым тәртіппен сұранысқа ие өнім өндірісін қолдауға, өндірістік шығындарды төмендетуге бағытталатын болады.
Жалпылай алғанда, субсидиялау жүйесіне мынадай өзгерістер енгізілетін болады:
Біріншіден, салыстырмалы мәндегі, тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер құнының пайызындағы субсидиялаудан абсолютті, құндық мәндегі субсидиялауға басым түрде көшу.
Екіншіден, салада технологиялық процестерді жүргізу мерзімдеріне сәйкес субсидиялар беру мерзімдерін оңтайландыру.
Үшіншіден, мынадай басымдықтар бойынша басымдықпен субсидиялау: импортты алмастыру, экспортқа бағдарлану, өзге де бағыттар, ішкі тұтынуды қамтамасыз ету көрсеткішіне қол жеткізу бойынша субсидиялау деңгейі қысқаратын болады.
Төртіншіден, кредит беру мерзімі бір жылға дейінгі айналым қаражатын толықтыруға арналған кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды қоспағанда, мемлекеттің ұзақ мерзімді міндеттемелерінің шоғырлануын болдырмау үшін сыйақы мөлшерлемесін субсидиялаудан инвестициялық шығындарды субсидиялауға көшу.
Бесіншіден, маңызды өңірлік мәні бар АӨК өнімінің жекелеген түрлерін субсидиялауды уәкілетті орган әзірлейтін қағидалар бойынша ЖБ қаражаты есебінен жүзеге асыру.

2. Субсидиялау жүйесі қандай түбегейлі өзге­рістерге ұшырайды?

Субсидиялар тиімділігін арттыру және АШТӨ-ні мемлекеттік қолдау шараларымен барынша қамту мақсатында субсидиялау өлшемшарттары мен нормативтерінің егжей-тегжейлі айқындамасы қолданылатын болады. Субсидиялар басым тәртіппен сұранысқа ие өнім өндірісін қолдауға, өндірістік шығындарды төмендетуге бағытталатын болады.
Жалпылай алғанда, субсидиялау жүйесі мынадай түбегейлі өзгерістерге ұшырайды:
Біріншіден, субсидиялауға арналған барлық өті­­нім­дерді қараудың, мониторинг жүргізудің және деректерді алушылар бойынша топтастырудың ав­то­­мат­­тандырылған жүйесін кезең-кезеңмен ен­гізу.
Екіншіден, шығындардың жекелеген түрле­рін субсидиялаудан кәсіпорынның өндіріс­тік көрсет­кіштері және төленетін субсидия тиім­ді­лігінің мони­торингі негізінде оны кешенді субсидиялау саясатына көшу.
Үшіншіден, берілетін субсидия түрлерін және АӨК субъектілерінен сұралатын құжаттарды түбе­гейлі азайту.

Ауыл шаруашылығы бағытында іске асырылып жатқан бастамаларды түсіндіру үшін Fermers.kz сайты мен 8800 080 8010 call-орталығы (барлық бағыттардан қоңырау шалу тегін) қызмет көрсетуде.


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X