Валюта бағамы: $ 336.05 394.49 5.85 ¥ 50.63

МАЙЛЫ ДӘНДІ ДАҚЫЛДАР ТҰҚЫМЫ

Ресей мен Қытай  нарығына жөнелтіледі

 

Шығыс Қазақстан облысының аумағында өндірілетін майлы дәнді дақылдардың тұқымы енді елімізде ғана емес, сондай-ақ, Ресей мен Қытай нарығына да шығарылатын болады. Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов тұрғындарға есеп беру кездесуінде мәлім еткен болатын.

Аймақтың Глубокое ауданының «Опытное поле» ауылындағы май дақылдарының тәжі­ри­белік шаруашылығы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында көрсетілген негізгі басымдылықтарды іске асыруға құлшына кірісіп кетті.
Бұл шаруашылық  халықаралық инно­вациялық технологияларды қолдана отырып, гибридті майлы дәнді дақылдардың жаңа сұрпын ойлап тапқан еді. Мұнда аталмыш жоба аясында үш жыл қатарынан зерттеу жұмыстары тыңғылықты жүргізілді. Осы орайда, шаруашылық мамандары өз жұмыстарында заманауи еуропалық және америкалық технологияларды орынды қолдана білді. Өткен жылы күнбағыс гибридінің үш сұрыпы тұқымдық сынамадан өт­кізілді. Болашақта күнбағыс тұқымының бұл түрі Қазақстан, Ресей, Қытай нарығының 20 пайызын жаулап алуы әбден мүмкін.
Бүгінде шығысқазақстандық мамандар шетел­дік әріптестерімен бірге дәнді дақыл­дар­дың жаңа сұрпын өндіруді қолға алды. Бұл қолға алған шара­ның жемісті болатыны сөзсіз. Өйткені, озық тәжірибенің – көпке ортақ екендігі дәлелденген нәрсе.

Ислам Асфендияр


Оқи отырыңыз

Пікір(1)

  • Раушангүл
    10.03.2017 at 4:16 pm

    Біздің азық-түлік пен өнімдер ол жақта үлкен сұранысқа ие.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X