Валюта бағамы: $ 334.92 395.88 5.71 ¥ 50.69

ДЗЮДОНЫҢ ЖАС ШЕБЕРЛЕРІ

Түркиядан 10 медаль олжалап қайтты

 

Түркияның Анталия қаласында 4-6 наурыз күндері өткен жасөспірімдер арасындағы Еуропа кубогы өз мәресіне жетті.

Түркияның Анталия қаласында жасөспірімдер арасындағы Еуропа Кубогының алғашқы күні жерлестеріміз 1 алтын, 1 күміс, 4 қола медаль жеңіп алған болатын.
Алтынды 60 келі салмақта ел намысын қорғаған отандасымыз Нұрзат Сәлімбаев жеңіп алса, күміс жүлде 52 келі салмақта сынға түскен Меруерт Сәрсеноваға бұйырды. Ал төрт қола медальды 50 келіде өнер көрсеткен Ерлан Уналов пен Ерхан Ғаббасов, 66 келіде сынға түскен Дастан Шаяхметов және қыздар арасында 40 келіде бақ сынаған Сара Күлім жеңіп алды.
Жарыстың соңғы күні қазақстандық дзюдошылар 4 қола медальға қол жеткізді. Олар: Шынтас Серікболсын (81 кг) Сәдуақас Бекарыс (90 кг), Шархан Нұрлыхан (+90 кг) және Саера Мырзахметова (63 кг). Жарыс қорытындысы бойынша ел қоржынына жалпы 10 медаль түсті.

Ислам АСФЕНДИЯР


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X