Валюта бағамы: $ 334.92 395.88 5.71 ¥ 50.69

ШАХМАТШЫ ҚЫЗДЫҢ ЖАҢА ЖЕТІСТІГІ

Жансая Әбдімәлік «Аэрофлот Опен 2017»   фестивалінің жеңімпазы атанды

 

Қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәліктің «Аэрофлот Опен 2017» фестивалінде бірінші орынды жеңіп алғаны туралы қуанышты хабар  ақпарттар айдынына тез тарады.

Жарыс барысында шахматшы аруымыздың қарсыластары оңай болған жоқ. Жансая кілең мықтылармен күш сынасты. Олардың қатарында екі халықаралық шахмат федерациясының шебері, екі халықаралық дәрежедегі шахмат шебері және бес гроссмейстер болды.
9 турдың қорытындысында Жансая Әбдімәлік алты ұпай жинап, ерлер арасында 15-інші орын, ал әйелдер арасында бірінші орын алды. Турнир қорытындысынан кейін Ж.Әбдімәлік әйелдер арасында әлемдік рейтингте үздік 35 шахматшының қатарына кіреді.
Жақын арада өтетін ФИДЕ президенттік кеңесінде шахматтан ерлерге берілетін халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағымен мараптталатын Қазақстандағы ресми бірінші қыз болады, деп хабарлайды шахмат Академиясы.
Еске алатын жәйт, Жансая Әбдімәлік – қазақстандық шахматшы, қыздар арасында төрт дүркін әлем чемпионы, әйелдер арасында халықаралық дәрежедегі шебер және гроссмейстер. 2013 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық спортшы қыз ФИДЕ-ның азиялық федерациясында Азиядағы 20 жасқа дейінгі үздік шахматшы деп танылған болатын. Жеңісті күндердің әлі алда екеніне Жансаяның сенімі мол.

 


Оқи отырыңыз

Пікір(2)

  • Дәния
    10.03.2017 at 4:26 pm

    Жарайсың, Жансая! Жеңістерің арта берсін. Біз сені мақтан етеміз.

  • Дәуренбек
    10.03.2017 at 4:27 pm

    Бұл барша қазақстандықтардың қуанышы. Құттықтаймыз!

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X