Валюта бағамы: $ 323.13 367.08 5.43 ¥ 47.53

ІЛГЕРІ ДАМУДЫҢ ОҢ ӨЗГЕРІСТЕРІ БАР

Әкімнің тұрғындар алдындағы есептік кездесуі осыны көрсетті

 

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың тұрғындар алдындағы есептік кездесуі өтті. Шараға қоғам өкілдері, соғыс және еңбек ардагерлері, кәсіподақ ұйымдарының, қоғамдық, діни, этномәдени бірлестіктердің, ірі шаруашылық субъектілерінің, қаржы институттарының басшылары, БАҚ өкілдері барлығы екі мың адам қатысты. Сондай-ақ, облыстағы 12 ауданнан он мың адам онлайн режимінде қосылды.

Ақтөбе облысының 2016 жылғы әлеу­меттік-экономикалық дамуын қорытын­ды­лаған Бердібек Сапарбаев Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың және ҚР Үкі­метінің қолдауымен облыстың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін төмендетпеу және жұмыссыздық саны өсуіне жол бермеу үшін жергілікті атқарушы органдар тарапынан барлық шаралар қабылданғанын атап өтті. Жалпы алғанда облыстың барлық әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері бой­­ынша өсімнің оң өзгерісі байқалады.
– Өткен жылы біздер Президент тапсырмасын орындау үшін барлық күш-жігерімізді салдық. Өңірдегі экономика өсімінің деңгейі 102%-ға дейін жетеді деп күтілуде. Өңдеу өнеркәсібінің нақты көлем индексінің өсімі – 115,8%, ауыл шаруашылық өнімінің көлемі – 184,8 млрд. теңгені, тартылған инвестиция – 373,7 млрд. теңге құрап, бөлшек сауда айналым көлемі – 490,6 млрд. ал ШОБ-тің әрекет етуші субъектілері 101,5% артты. Өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі-100,2% құрады немесе 1202,7 млрд. теңгенің өнімі өндірілген, – деп атап өтті облыс әкімі.
Биылғы жоспарда құны 40 млрд. теңге тұратын 22 жобаны енгізу, кем дегенде 10 нысанды жаңар­ту, жүмыс жасап тұрған және тұралап қалған кәсіп­орындардың жүктемесін барынша арттыру, еңбек өнімділігін 24,8-ден 27 мың АҚШ долларына дейін көтеру, фар­мацевтика өнеркәсібін дамыту секілді эко­номиканы әртараптандыру тапсырмасы тұр.
Өткен жылы облыс 2,5 млрд. АҚШ долла­рының өнімін сыртқа шығарса, ағым­дағы жылы экспорт көлемін 12%-ға арттыру жоспарлануда. ШОБ субъектілері 650 млрд. теңгенің өнімін өндірді, кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасы аясында бизнес өкілдеріне 39,1 млрд. теңге көлемінде көмек көрсетілді, аталмыш көрсеткіш 43 млрд. теңгеге дейін өспек.
Өңірде азық-түлік қауіпсіздігінің кешенді бағ­дар­ламасы жасалған. Бұл бағытта да ат­қары­лып жатқан жұмыстар бар. Атап айт­қанда, ақтөбеліктердің жергілікті өнім­дерді тұтыну дең­гейі жоғары, ол шамамен 70 пайызды құрайды. Мұндай табысқа жетуге ауыл шаруа­шылық коопе­ративтерінің көбеюі, саланың әртарап­тан­дырылуы және дәстүрлі емес шаруашылықтың кеңінен етек жаюы сеп болып отыр.
Адам тұрмысын, өмір сапасын жақсар­тудың ең қажетті факторлары: дербес баспана, ауыз су және көгілдір отын  екеніне еш талас жоқ. Облыста өңір тұрғындарының қа­жетті игіліктермен қамтылу деңгейі жоғары. 2017 тұрғын үй құрылысының көлемін өткен жылғы деңгейден асыру көзделген. Әсіресе, мұнда үй құрылысы комбинаты технологиясы арқылы тез тұрғызылатын қосқабатты үйлер жөніндегі жобаға елімізде ешқандай балама жоқ деуге болады. Сонымен бірге, облыс басшысы биылғы жылы атқарылатын басты міндеттердің бірі көлік инфрақұрылымын жақсарту екеніне айрықша тоқталды. Бұл бағытта халықаралық Ақтөбе – Ор, облысаралық Ақтөбе – Атырау автожолдарының құрлысына ерекше екпін беріліп, жағңғырту жұмыстары жандана түсетін болады.

Ибрагим Бекмаханұлы


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X