Валюта бағамы: $ 389.98 434.01 6.1 ¥ 55.04

Есеп комитетінің төрағасын қабылдады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Республи­калық бюджеттің орындалуын бақылау жө­ніндегі есеп комитетінің төрағасы Қозы-Көрпеш Жаңбыршинді қабылдады.
Мемлекет басшысына Қ.Жаңбыршин Есеп комитетінің 2016 жылғы жұмысының негізгі нәтижелері, сондай-ақ алдағы кезең­ге арналған міндеттері туралы баяндады.

Бұдан бөлек, Есеп комитеті төрағасы Қазақстан Президентін «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» заңның іске асырылуы жолында қабылданып жатқан шаралар жөнінде хабардар етті. Соңында Есеп комитетінің төрағасы Мемлекеттік аудитор біліктілігін алудан үміткерлерді сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссияның 2016 жылғы атқарған жұмысы туралы айтып берді. 
Нұрсұлтан Назарбаев кездесу соңында бірқатар нақты тапсырма берді.

*  *  *

Мемлекет басшысы  Нұрсұлтан Назарбаев  «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палата­сының басшылығын қабылдады.
Кездесуде Қазақстан Президентіне Ұлт­тық палатаның 2016 жылғы жұмысының қорытындылары, республикалық бизнес қоғамдастығының дамуы, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған жоспарлар туралы президиум төрағасы Т.Құлыбаев пен басқарма төрағасы А.Мырзахметов баяндады.
Елбасы бизнесті қолдау жөнінде Үкімет мақсатты түрде тұрақты жұмыс жүргізіп отырғанын атап өтті.
– Заңнамалық актілерге дер кезінде өзгерістер енгізу бағытында жүйелі жұ­мыстар жүргізілуде, тексеруші мекемелер саны қысқартылды, жоспарлы тексерістер алынып тасталды. Кәсіпкерлер заңнамалық үдерістерге белсене атсалысып келеді, бұл елдің ішкі жалпы өніміндегі бизнестің үлесін арттыруға ықпал етуге тиіс, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сондай-ақ, Қазақстан Президенті ел­дегі кәсіпкерлікті дамыту үшін мемлекет қабылдап жатқан шараларға бизнес өкілдері тарапынан лайықты қайтарым болуға тиіс екеніне назар аударды.
Нұрсұлтан Назарбаев кездесу қорытын­дысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру