Валюта бағамы: $ 389.98 434.01 6.1 ¥ 55.04

ТАЛДЫҚОРҒАН АККУМУЛЯТОРЛАРЫ

Африкада үлкен сұранысқа ие

Талдықорғанның «Қайнар АКБ» зауыты өткен жылы «BARS» маркалы  аккумуляторлар шығаруда озық көрсеткіштерге қол жеткізген болатын. Зауыт ұжымы өз табыстарын сонда Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына лайықты тарту еткен болатын. Жаңа 2017 жылы да осы қарқыннан таймау – кәсіпорынның басты мұратына айналып отыр.

Мақтаулы кәсіпорын бүгінде республика аймағындағы тұтыну­шы­лардың сұраныстарын қанағат­тандырып қоймай, өз өнімдерін алыс шетелдерге, атап айт­қанда, Африка, Қытай, Германия, тағы басқа да мемлекеттерге экспортқа шығару бағы­тында нәтижелі жұмыстар жүргізуде.
Алматы облысы әкімінің орынбасары  Серік Тұрдалиевтің мәлімдеуінше, Талдықорғанның «Қайнар АКБ» аккумулятор жасау зауыты 2016 жылғы өнімінің басым бөлігін экспортқа жөнелтті. Осы елдермен қатар қазақстандық аккумуляторлар Қытайда, Африкада, тіпті Германияда сатылған. 2017 жылы тапсырыс көлемі бұрынғыдан едәуір көбейген. Осыған орай зауыт өз өнімдерін өткізу бағытындағы жұмыстарын да ширата түсуде. «Қазақстандық тауар сатып алыңыздар!» – деп жазды әкімнің орынбасары Фейсбуктегі жеке парақшасында. Мақсат – сапалы өнімді қол жетімді ету. Нарық заманы батыл іс әрекетті, өзі шығарған өнім үшін  күресуді талап етеді.


Оқи отырыңыз

Пікір(4)

  • Дана
    27.01.2017 at 12:28 pm

    Бұл жақсы жұмыстардың оң нәтижесі болатынын көрсететін дәлел. Зауытқа ары қарай да осы қарқында жұмыс атқаруды тілейміз.

  • Манат
    27.01.2017 at 12:28 pm

    Жақсы болған екен. Зауыт ұжымы үшін қуаныштымыз.

  • Марал
    27.01.2017 at 1:51 pm

    2017 жыл да зауыт ұжымы үшін табысты болсын.

  • Марал
    27.01.2017 at 1:52 pm

    Демек, сапасы өте жақсы. Сұраныстың жоғарылығы осыдан.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру