Валюта бағамы: $ 386.34 427.25 5.88 ¥ 54.57

«Кереметтң» кереметі

2016 жылдың 1 қаңтарынан «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын орындаудың практикалық кезеңі басталды. Ұлт жоспары «100 нақты қадам» – бұл жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап және жаңа тарихи жағдайларда Ұлттың дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруі жөніндегі жоспары» екендігін Елбасымыз атап көрсетті.  Бұл жолда еліміздің алдында сындарлы саяси реформалар мен ірі қадамдар тұрғаны айдан анық. Сол қадамдар білім саласында да жасалуға тиісті. Әрине, ол жоғары оқу орындары мен білім беру мекемелерінің оқу бағдарламалары мен стратегияларын инновациялық жаңалаумен ғана шектеліп қалмайды. 

Бұл тұста бас көтеретін маңызды мәселелердің бірі – студенттердің әлеуметтік-тұрмыстық қамтамасыз етілуі. Әлемнің алдыңғы қатарлы білім ошақтарында да студенттердің әлеуметтік-тұрмыстық қамтамасыз ету саласы орынды жолға қойылып, бүгінде көптеген елдерде игі нәтижесін беруде. Қазақстандық білім беру ордаларының көшін бастаған, QS халықаралық рейтингінде әлемнің 800 үздік университеті арасында 236-шы орынға көтерілген, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде осы бағытта жасалып жатқан жұмыстар көз қуантып, көңіл марқайтарлықтай. Университетте бастау алған ірі инновациялық жоба –  «Al-Farabi university smart city» табысты жүзеге асырылуда.
Жоба аясында отандық қана емес, әлемдік білім кеңістігінде алғашқы әрі қазіргі таңда жалғыз болып есептелетін – «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы шаңырақ көтерді.  
«Бір терезе», «бір кеңсе» қағидасы бойынша жұмыс істей  отырып, студенттерді сапалы да жылдам қызметтермен қамтамасыз ету – орталықтың басты міндеттерінің бірі. 9000 шаршы метр аумақта орналасқан, 500-ден аса оқу-ағартушылық, медици­на­лық, әлеуметтік-тұрмыстық және мәдени-демалыстық бағыттарда қыз­меттер ұсынатын «Кереметтің» қыз­метіне университеттің оқытушы-про­фес­сорлық құрамы, қызметкерлері мен студенттері дән риза.
Орталықтағы басым бағыт – оқу-ағартушылық бөлімі. Бұл бағытта тір­кеуші кеңсесі мен студент кеңсесі қыз­мет көрсетеді.
Тіркеуші кеңсесі – білім алушының оқу тарихындағы барлық тіркеу жұмы­сымен айналысатын және білім бақылауының барлық түрін ұйым­дастыру мен оның академиялық рейтинг есебін қамтамасыз ететін академиялық қызмет көрсетуші бөлім. Құрылымы жағынан студент кеңсесі студенттік бөлімнен, халықаралық академиялық ұтқырлықты қамтамасыз ету секторынан, әскери-жұмылдыру бөлімінен, төлқұжат үстелінен, бухгалтерлік есеп және есеп беру басқармасының бөлімінен, Мансап және кәсіби даму орталығынан, сондай-ақ, ХҚКО мобиль­ділік бөлімшесінен тұрады. Әр бөлім өзінше жеке дара қызметтер көрсетеді.
Студенттік бөлім – білім алушылар контингентінің қозғалысын бақылау және есебін қамтамасыз ету бойынша қызмет ұсынушы.
Халықаралық академиялық мо­биль­ділікті қамтамасыз ету секторы – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен шетелдік оқу-ғылыми мекемелері арасындағы халықаралық әріптестікті қамтамасыз етуші.
Әскери жұмылдыру бөлімі әскери есеп жүргізу, брондау, мобильдік жоспарлау қызметтерімен айналысады.
Төлқұжат үстелі – әл-Фараби атын­дағы ҚазҰУ студенттерін жатақханада тұрғылықты жерлері бойынша тіркеу қызметін ұсынушы бөлім.
Бухгалтерлік есеп және есеп беру басқармасының бөлімі – студенттермен жұмысты басқару, бақылау, талдау және жоспарлау мақсатындағы экономи­ка­лық және қаржылық мәселелер бойынша кеңес беру қызметтерін ұсынушы.
Мансап және кәсіби даму орта­лығы – студенттерді жұмыспен қамту, тәжі­рибелер бойынша қолдау қызмет­терін ұсынады. Орталықта жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілердің бірыңғай деректер базасына басты назар аударылады.
ХҚКО-ның мобильділік бөлімшесі – тікелей электронды үкімет порталына  қол жетімді қоғамдық орын құралдары арқылы анықтамалар алу  және кеңестік қызметтер көрсету бөлімшесі.
Биылғы оқу жылынан бастап студенттерге е-қызметтер қол жетімді болды, яғни студент өзінің жеке кабинеті арқылы өзіне қажетті қызметтерге онлайн өтініш береді. Өтініш беру барысында сол қызметке қажетті құжаттарды тіркейді. Қызмет дайын болғанда хабарлама алады. Осы хабарламадан кейін студент өзі сұраныс берген қызметті, сол қызметті жүзеге асырған бөлімнен келіп ала алады.
Медициналық бағыт – «Керемет» ор­та­лығындағы маңызды рөл ат­қа­рады. Медициналық бағыттағы қыз­­меттерді ұлттық университеттің оңтүстік кореялық серіктесі – Енсе уни­верситеті, Кангнам Северанс кли­ни­­касымен жасалған арадағы табысты әріптестіктің нәтижесі болған, ҚазҰУ қабырғасындағы алғашқы Ха­лықаралық Қазақстан-Корей диа­гнос­тикалық орта­лығы көрсетеді.
Диагностикалық орталықтың негізгі мақсаты – медициналық менеджмент және медициналық қызметтердің сапасын арттыру, заманауи медициналық құралдармен жабдықталған, логистика­лық жұмысы халықаралық және инно­ва­циялық технологияларға негіз­делген орталықта студенттер мен универ­ситет қызметкерлер құра­мын бақылаудың толық спектрлі скри­нинг­­тік зерттеуін ұсыну. Бұл  орталық  Мемлекеттік- жеке әріптестік бағдарламасы аясында бой көтеретін 500 орындық Био-медициналық кластердің ажырамас бөлігі болып саналады.
Диагностикалық орталық пациенттерге диагностика жасаудың ең жоғар­ы деңгейін қамтамасыз ете алатын жаңа медициналық құрал-жабдықтармен жаб­­дықталған. Бүгінгі күндері аталмыш ор­та­лықта университет студенттерімен қатар, оқытушы-профессорлар құрамы, қызметкерлер тіркелу нәтижесінде жо­ғары сападағы медициналық қызмет­ке қол жеткізіп отыр.  
Әлеуметтік-тұрмыстық бағыт – «Керемет» орталығындағы көптеген қыз­мет­тер кешенін ұсынатын бағыт. Аталмыш ны­сан­дардың қызметтері студенттерге қазіргі нарық бағасынан төмен бағада ұсынылады. Мұндай баға саясатын ұстану – қазіргі таңдағыдай күрделі эко­но­­ми­калық жағдайда жас­тарға әлеу­мет­тік, материалдық көмек болатыны  анық.
«Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы бүгінде ҚазҰУ қала­шы­ғының жүрегіне айналған. Күніне 2500-ден астам студент осы меке­меден өзіне қажетті қызметтер алады. Жүздері бал-бұл жанған студенттердің бұл қуанышы – орталықтың жастар игілігіне жұмыс жасап жатқанының айқын дәлелі. Бұл игі бастама қазақ­стандық жоғары білім беру ордаларында өзіндік жалғасын табады деген сенімдеміз.

Сайран БАЯНДИНОВА,
«Керемет» студенттерге қызмет 


Оқи отырыңыз

Пікір(2)

  • Арна
    31.01.2017 at 4:54 pm

    Қазақ ұлттық университеті тарихы тереңде жатқан ең беделді оқу орындарының көшін бастап тұр.

  • Сағи
    31.01.2017 at 4:56 pm

    Игі бастаманың ары қарай жалғасын табуына тілектеспіз. Сәттілік!

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру