Валюта бағамы: $ 386.34 427.25 5.88 ¥ 54.57

Озық технология – ауыл шаруашылығын дамытудың негізі

Елбасының атқарушы органдар жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету үшін халық алдында есеп беру туралы тапсырмасын орындау мақсатында бүгінгі күні Алматы облысының өңірлерінде барлық деңгейдегі әкімдердің есеп беру кездесулері басталды.

Солардың бірі жуырда Ескелді ауданы Жетісу ауылының Мәдениет үйінде аудан әкімі Жұбаныш Ноғайбеков Төлеңгіт ауылдық округінің  халқымен кездесу жиынын өткізді.

Әкімнің хабарлауынша, Ескелді ауданында қант қызылшасының түсімі әр гектардан 523,6 центнерді құрап, барлығы 77,7 мың тонна өнім жиналған. Жалпы ауданда тәтті түбір 1484 га жерге себілген болатын.
Ж.Ноғайбековтің сөзіне жүгінсек, өткен жылдың сәуір айында 78 шаруа қожалығы «Жетісу» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы қажетті тұқым сепкіш техниканың 2100 бірлігін алды. 2015 жылы «Қарабұлақ», «Мыңбұлақ», «Шаған» 3 сервистік дайындау орталығы құрылып, 50 дана жаңадан техника бірлігі алынған болса, 2016 жылы Сырымбет ауылдық округінде тағы бір СДО құрылып, оған 10 дана жаңа техника бірлігі алынды.
Жалпы 2016 жылдың қаңтар-қараша айларында аудандағы ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 24 млрд. 218,3 млн. теңгені құрап, нақты көлем көрсеткіші –101,0% болды. Оның ішінде мал шаруашылығында – 8 млрд. 239,3 млн. теңге, өсімдік шаруашылығында – 15 млрд. 899,0 млн. теңге өнім алынды.
Сонымен қатар кейінгі жылдары аудан озық технологияларды қолдану нәтижесінде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп келеді. Ылғал сақтау технологиясы бойынша 8940 га, интенсивті технологиямен 5474 га, тамшылатып суару арқылы 79 га жер игерілуде. Бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жал­ғастырылады.
Ескелді ауданында өнеркәсіп өн­дірісі де тұрақты дамып келеді. Мұнда өткен жылы бұл саладағы өндірілген жалпы өнімнің көлемі 1,9 млрд. теңгені құрап, 2015 жылмен салыстырғанда 71,6 млн. теңгеге артқан. Бюджетке түскен салық көлемі 518,5 млн. теңгені құрап, жалпы жергілікті бюджетке түскен салық түсімдеріне шаққанда үлес салмағы 57,4 пайызды құрап отыр.
Кездесу барысында жасалған баяндамаға сүйенсек, 2016 жылдың 1 желтоқсанына ауданда 2491 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері қызмет көрсетіп, былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 107 бірлікке көбейіп, 104,5 пайызды құраған. Оның 257-сі – сауда нысаны, 2-еуі – сауда базары, 113-і – қызмет көрсету нысаны және 25-і – қоғамдық тамақтану орны. 25 белсенді кәсіпорын жұмыс істеп, әктас, құм және қиыршық тас, кірпіш, жиhаз, ауылшаруашылығы өнімдері мен­ нан, кондитерлік, макарон өнімдері, жартылай фабрикаттар, шырын, джем т.б. азық-түлік тауарларын өндіруде.
Сонымен қатар есепті кезеңде ауданда шағын бизнес саласында жалпы сомасы 175,5 млн. теңгені құрайтын 7 жаңа нысан іске қосылып, 47 жаңа жұмыс орны ашылған. Ал «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында 8 жобаға жалпы сомасы 144,5 млн. теңге көлемінде мемлекеттік қолдаулар көрсетілді.
Сондай-ақ Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы ауыл халқын қолдауға 10 субъектіге 49 млн. теңге несие берілді. Қосымша 46 млн. теңгеге 11 жоба мақұлданған.
Төлеңгіт ауылдық округі аумағында өткен аталмыш есеп беру жиынында округ әкімі Қанат Сатанов та баяндама жасады.

Салтанат НАМАЗШАМОВА


Оқи отырыңыз

Пікір(1)

  • Алуа
    31.01.2017 at 4:57 pm

    Ауылшаруашылығы саласында заманауи озық технологиялардың пайдаланылуы оның ілгерілеуіне мүмкіндік туғызатыны сөзсіз.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру