Валюта бағамы: $ 335.33 395.49 5.7 ¥ 50.75

РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫНЫҢ ЖАҢА МҮШЕСІ

Әли Әжімұлы Әбішев

1986 жылы С.М. Киров атындағы ҚазМУ-ды, 1993 жылы Ленинград мемлекеттік университетін, 1993 жылы Кентукки штатының университетін (АҚШ) тәмамдаған, экономист. Экономика ғылымдарының докторы (2000), профессор (2002). Ресей Гуманитарлық ғылымдар Академиясының академигі.

Еңбек жолын 1979-81 жылдары – Петровский атындағы Гурьев машина жасау зауытының шәкірті, 2 разрядты токарі болудан бастаған. 1986-89 жылдары – Гурьев педагогикалық институтының оқытушысы, аға оқытушысы. 1989-93 жылдары – Ленинград мемлекеттік университетінің аспиранты. 1993-2005 жылдары – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің доценті, декан орынбасары, кафедра меңгерушісі, деканы, 1- проректоры. 2005 жылдан – Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің ректоры. 2012 жылдан Халықаралық бизнес университетінің ректоры. 2015 жылдан Атырау мұнай және газ институты университетінің ректоры.
«ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгісімен, ҚР білім министрінің Құрмет грамотасымен марапатталған. ҚР Президентінің Алғыс хатын алған.
«Технологиялық өндіріс тәсілінің қозғалысы» (1998), «Технологиялық өндіріс тәсілінің әлеуметтік-экономикалық эволюциясы» (2000) атты монографияның; экономикалық ғылым теориясы мен методологиясы проблемалары бойынша 70-тен астам ғылыми мақаланың авторы.


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X