Валюта бағамы: $ 327.92 399.31 5.23 ¥ 51.87

Жер жәннаты – Жетісу

Қазақстанда экотуризмді дамыту қарқынды жүзеге асуда. «Жер жәннаты – Жетісу» жерінде «Алтынемел»  мемлекеттік ұлттық табиғи паркі орналасқан. Ұлттық парк  1996 жылы арнайы  жоғалу қаупы төнген аң-құстарды көбейту және тарихи-мәдени, табиғи  кешендерді сақтау мақсатында құрылған. Ұлттық парк аумағында табиғи, тарихи-мәдени нысандарды көптеп кездестіруге болады. 

Атап айтқанда  б.д.д. IV-VІI ғ.ғ жа­­татын Сақ патша қорғаны – «Бесшатыр». Жалпы қорған үлкен, орташа, кіші – 31 қорғаннан тұрады. «Таңбалы тас» петроглифтері – ежелгі тасқа салынған суреттер. Ақтау әртүрлі тау жыныстарынан тұратын борлы тау. Бұл жерде табиғаттың тылсым бір кұпиясы, түрлі – түсті тау жыныстарының  қабаттарынан қаланған тік  жарлы шатқалдарды тамашалауға болады.  Қату тау – атқылап жатып, бірден қатып қалған жанартау лавасы. Мыңдаған жылдар өтсе де, пішіні мен иірімі бір қалыпта сақталуда. Заповедник_Алтын-Эмель_некрополь_Бесшатыр_2
«Айғайқұм» – табиғи  құбылыстың әсерінен Үлкен Қалқан тауы мен Кіші Қалқан тауы етегіндегі  ұзындығы 3 шақырым, биіктігі 150 м болатын құмды төбе. «Айғайқұм» табиғи ескерткіштің дыбыс шығаруы ғалымдар  үшін әлі жұмбақ. Бұл дыбыс  бірде органның әуеніне ұқсаса, бірде ұшақтың гуіліне ұқсас болып естіледі.
Туристерге арналған 3  маршрут  бар. Биылғы жылы парктің жер көлемі 146500  гектарға ұлғаюына байланасты, жаңа туристік маршрут ашу жоспарлануда. «Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркке келген  туристерге барлық жағдайлар қарастырылған. Яғни, туристерге маршрут ыңғайына қарай бақылау алаңдары, шатыр тігетін алаңдар, арнайы от жағатын орын, демалатын аялдамалар  мен дәретханалар, автотұрақ, 60 адамға арналған «Алтынемел», «Шыған», «Тайғақ -1,2», «Жантоғай», «Қызылауыз» қонақүйлері қызмет көрсетеді. «Шыған» кордонында этноауыл орналасқан. Этноауылға келген туристерге қымыз, шұбат, бесбармақ және т.б. ұлттық тағамдар ұсынылады.  Келген турситерді ұлттық парктің жол сілтеуші мамандары аралатады, сонымен бірге ЕҚТА-та, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды қадағалайды.
«Алтынемел»  мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне келген  әрбір  туристерге     қолайлы  мүмкіндіктер жасалады.  

Д.Тұрғамбаев,
«Алтынемел» МҰТП
директорының орынбасары


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру