Валюта бағамы: $ 336.05 394.49 5.85 ¥ 50.63

Коммуналдық меншік институты құрылады

Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы таныстырылды.

  Заң жобасында жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті мен жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігін енгізу, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының бюджеттік процесті және жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігін басқарудағы өкілеттіктерін кеңейту кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеу көзделеді. Заң жобасы туралы баяндаған ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев атап өткендей, жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджетін енгізуге байланысты жаңа «Жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігі» институтын құру қажеттілігі де туындап отыр. «Бұл ретте ауыл аумағындағы барлық  коммуналдық меншік ауданның коммуналдық меншігінің құрамына кіреді және оны аудан әкімдігі басқарады. Жергілікті өзін-өзі басқару мүлкі жергілікті қазына мүлкінен (жергілікті өзін-өзі басқару бюджетінің қаражаты, коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген өзге де коммуналдық мүлік) және коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүліктен құралатын болады», – деді Қуандық Бишімбаев. 
  Оның айтуынша, жергілікті  өзін-өзі басқарудың  коммуналдық меншiгiн басқару жергілікті қоғамдастық жиналысының келісімі бойынша ауыл әкімінің аппаратына жүктеледі. Жергілікті бюджет шығыстары Бюджет Кодексінде қамтылғанындай, ауыл әкімі қолданылатын 19 бағыты деңгейінде айқындалған. Қ.Бишімбаев атап өткендей, бұл дегеніміз: мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту; елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру; автокөлік жолдарын салу, қайта құру, жөндеу және күтіп ұстау; елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру және тағы басқалар.

Рымтай САҒЫНБЕКОВА


Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X