Валюта бағамы: $ 389.98 434.01 6.1 ¥ 55.04

«ЗЕРДЕ-КЕРАМИКАНЫҢ» ӨНІМДЕРІ тұтынушылардың көңілінен шығуда

Оңтүстік Қазақстан облысында «ЗЕРДЕ-Керамика» отандық кәсіпорны екінші желіні іске қоспақ. Еліміздегі жалғыз керамогранит тақтайшасын шығаратын зауыт – «ЗЕРДЕ-Керамика» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде өндіріс қуаттылығын арттыру мақсатында іске қосылатын бұл желі осы жылдың мамыр айында өз жұмысын толық бастайтын болады.

Нақтырақ айтсақ, жаңа желі бойынша сандық машинаның кө­мегімен кең ауқымды, түрлі-түсті жыл­тырлатылған керамограниттер шығарылмақ. Бастапқыда «MK-Ceramics» сауда маркасымен өнім­дерін шығарып, еліміздің ішкі сұранысын толық қамтыған өндіріс орны өнімінің 20 пайызын Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан мемлекеттеріне экспорттайды.
Жылдық қуаттылығы 2 млн. шаршы метрлі, көлемі 300х300 мм, 400х400 мм, 600х600 мм. және 600х300 мм. болатын керамогранит тақтайшасын шығаратын зауыт қазіргі таңда толық өндірістік қуатында жұмыс істеп, 175 адам- ды жұмыспен қамтып отыр.
Бүгінде аталған «ЗЕРДЕ-Керамика» зауытының өнімдері «ЭКСПО-2017» көрмесінің құрылыс жұмыс­тарына да жіберіліп жатыр. Ал республика бойынша Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Тараз, Ақтөбе, Өскемен, Қостанай, Семей, Қызылорда, Орал және Атырау сынды ірі қалаларда 40-тан астам дилерлері бар.
«Зерде-Керамика» зауытының сапалы өнімдері тұтынушылардың талап, талғамынан шығып отыр. Жаңа желі іске қосылатын да күн де жақын. Зауытта еңбек қарқыны үдей түсуде.

Ибрагим Бекмаханұлы


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру