Валюта бағамы: $ 366.43 420.11 5.58 ¥ 52.87

ШАҒЫН ӨНДІРІС АШУШЫЛАР КӨБЕЙДІ

Сыр елінде 81 кәсіпкер «Демеу» грантына ие болды

Қызылорда облысында бір мезгілде 81 адам өз кәсібін бастады. Олар «Байқоңыр» ӘКК» ҰҚ» АҚ-ның ерікті әлеуметтік бастамасының шеңберінде «Демеу» гранттарына ие болды.

Қайтарымсыз гранттардың куә­лік­­те­рін аймақ басшысы Қырым­бек Көшербаев салтанатты түр­де та­быс етіп, шағын өндіріс саласын да­мытуға зор мүмкіндік алған грант иелеріне сәттілік тіледі.
Бағдарлама негізінде несиелер Қар­мақшы және Жалағаш ауданда­рының тұрғындарына берілді. Кон­курс­қа 330 өтініш келіп түскен-ді. Соның ішінде 81 жоба қолдау тапты.
«Демеу» гранттары халықтың әлеу­меттік тұрғыдан әлсіз топтарына, көп балалы аналарға, жұмыссыздар мен мүгедектерге беріліп отыр. Нәтижесінде 13 тігін цехы, 10 бөдене, қаз, тауық өсіру шаруашылығы, 7 шағын наубайхана, 6 кондитерлік цех,  аяқ киім жөндеу шеберханалары,  жиһаз цехы, вулканизация, жылыжай, шаштараз секілді шағын кәсіп нысандары ашылады.
– Сіздер шағын өндіріс бастау арқылы үлкен іске қадам басып жатырсыздар, – деді облыс әкімі Қ.Көшербаев. – Мысалы, әр қайсыларыңыз өндірісте 4 адамды жұмыспен қамтысаңыздар орташа есеппен 20 адам (отбасы мүшелерімен қоса есептегенде) тұрақты табысқа қол жеткізеді. Мұның өзі – үлкен көмек. Кәсіптеріңіз берекелі болсын!
Кәсіпкерлер өз кезегінде осындай қолдау жасалып жатқандығына алғыстарын айтып, өңірдің экономикасын көтеруге белсенді түрде  атса­лысатындықтарын жеткізді.

Ислам Асфендияр


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру