Валюта бағамы: $ 326.17 401.25 5.31 ¥ 51.84

Ғалымдар «Инновация апталығы» аясында Startup күнін қорытындылады

Экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырумен Қазақстанның әлемдік көшбасшылардың қатарына кіруі жаңа білім және заманауи технологияларды, өндірісті генерациялайтын ғылыммен жүйелі байланысы бар жоғары техникалық білім беру жүйесін жаңғырту арқылы өнеркәсіп инновациялық даму тиімділігімен анықталады. Бүгінгі таңда ЖОО әлеуеті білім беру қызметінің сапасы ғана емес, сонымен қатар тұлғаның жан-жақты дамуын қалыптастыруға бағытталған «Білім – Ғылым – Инновациялар» үштігінің дамуының нәтижесі.

2015 жылғы 10 қарашада «Инновация апта­лығы» аясында Қазақстан-Британ техникалық уни­вер­ситетінде Almaty Tech Garden Startup Day атты тұрақты инвестициялық іс-шара өтті. 
«Инновация апталығының» басты міндеті –  әлем­нің әр бұрышынан және елімізден технологиялық биз­нес-қауымдастықтың жаңа ойыншыларын тарту үшін Қазақстанның әлеуеті ең оңтайлы жаңа өңірлік ин­новациялық хаб ретіндегі мүмкіндіктерін паш ету.
StartupDay – бұл инвесторларға өз жобаларын таныстыру, Almaty Tech Garden бизнес-инкубаторымен акселерациясынан өту мақсатында жасалынатын ауқымды жобалар ұсынылатын жобалар байқауы. Стартаптың түсінікті әрі нақты құрылған жұмыс жолы бейнеленген іс-шара.
Іс-шараны ҚР инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев және Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек ашып, жиналған қауымға «Инновация апталығының» маңыздылығына тоқтала кетті. Әкім өз тарапынан – Біз экономиканы әртараптандырудың жеделдетілуіне ат салысатын қаламыздың жас инноваторларына үлкен үміт артамыз деді.
AlmatyTechGarden қорының ақылды орта, индустрия, өмір экологиясы, е-коммерция және медиа секілді төрт кластері қамтылған байқауға 90 жоба ұсынылды.
Аталмыш шарада ҚазҰТЗУ ғалымдары белсенді қатысты. Жобалар байқауына 15 зерттеулер қатысты. Конкурстық іріктеуден университеттің 3 жобасы өтті:
1) «Kazrender», авторы:  Бармашёв Р.И.
2) «Өнімділігі жоғары  гелиоқондырғы»,  авторлар:  Садырбаев Ш.А., Ягфарова Н.
3)  «ФЭМ бағалау және күн бақылау жүйесі үшін бағдарламалық қамтамасыз ету», авторы:  Утебаев Р.М.
Жас ғалымдар берілген қатаң уақыт режимінде жобаларын таныстырып, сараптамалық қазылар алқасының қойған сұрақтарына жауап берді. 9 сағаттық стартап-марафонының нәтижесі 11 қар­ашада белгілі болады.  Қазіргі таңда Қ.И. Сәтбаев атын­дағы ҚазҰТЗУ Инновациялық кластерлер бағы­тында белсенді жұмыс атқаруда: Инновация­лық кластерлер және университеттер арасында ынтымақтастық туралы келісімге дайындалуда, сон­дай-ақ консалтинг саласында қызмет көр­­се­тетін McKinsey&Company жетекші халықаралық компа­нияның құзыретті орталығының базасына орналасты­ру туралы сұрақтар талқылануда.

Римма ЖАНБАЕВА, 
ҚазҰТЗУ-дың 
ақпараттық-аналитикалық 
орталығының бас маманы


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру