Валюта бағамы: $ 341.08 394.46 5.37 ¥ 52.71

Жұлдыз жорамал 9 – 15 ақпан

Тоқты

Бұл аптада қолыңызға алған кез келген шаруаны оп-оңай дөңгелетіп кете аласыз. Сондықтан да еш жүрексізбеңіз. Бұған сіздің өмірлік тәжірибеңіз де, білім-біліктілігіңіз де, күш-жігеріңіз де жетіп жатыр. Сондай-ақ қиындыққа қолын ұшын беруге әзір достарыңыздың бар екенін де естен шығармаңыз.

Торпақ

Әркез іскер жандардың жанынан табылуға тырысыңыз. Өйткені олардың көмегі сізге көп болмақ. Бұл аптада сіздің қолға алған ісіңізге, жаңа жобаларыңызға қызығушылық танытушылар қатары артады. Бұл сәтті тиімді пайдаланғаныңыз жөн. Әр істе белсенділік таныта білуіңіз көптен бері бірінші орында тұрған мәселелердің шешімін табуға көмек болмақ.

Егіздер

Жағдайға қарай икемделуіңіз қол созған армандарға мол мүмкіндік ашпақ. Жақсы ниетті жандардың көмегі де көп болмақ. Аптаның екінші жартысын тұрмыста орын алған сұрақтардың жауабын табуға жұмсаңыз. Қызметтегі қарбаластан біразға қол үзіп, демалып алғаныңыз да жөн.

Шаян

Бәрі де сіз ойлағандай бола бермеуі мүмкін. Сондықтан да орын алған жағдайға икемделе біліңіз. Мәселенің мән-жайына бармай, айналаңыздағылардың көңілін қалдырып алмаңыз. Әр істі ақылмен істеуге дағдыланғаныңыз абзал. Көптің ақыл-кеңесіне құлақ түріңіз.

Арыстан

Жеке қызығушылықтарыңызды бірінші орынға қоюдан бұрын, оның қызметіңізге қаншалықты әсер ететінін жақсылап ойлағаныңыз жөн болмақ. Әріптестеріңізбен ара қатынасыңыздың суып кетпеуі үшін, әрдайым айналаңыздағы болып жатқан дүниеден хабардар болуға тырысыңыз.

Бикеш

Жақын уақытта қомақты қаржыға ие болуыңыз әбден мүмкін. Қызметте бір саты жоғарлауыңыз да ғажап емес. Сондықтан да тағдырдың мұндай үлкен сыйын уыстан шығарып алмауға тырысыңыз. Басшылықтың жүктеген міндеттерін мінсіз орындауға талпыныңыз.

Таразы

Ертеңгі күннің қалай болатыны сізді қатты мазалайды. Дегенмен сонша абыржудың қажеті шамалы. Бәрі де өз кезегімен орын алуда. Тек барынша еңбек етіңіз, қарап жатпаңыз, алға жылжыңыз.

Сарышаян

Кез келген істі аяғына дейін апарар күш-жігеріңіз жетерлік. Сондықтан да тек еңбектене біліңіз. Үлкен жобаларды да еш күмәнсіз қолға алыңыз. Оның жемісті боларына сеніңіз. Материалдық жағдайыңызды жақсартуда кәсіби шеберлігіңіздің орны бөлек.

Мерген

Өткен қателіктерден сабақ ала біліңіз. Басшылықпен жақсы қарым-қатынаста болу үшін тапсырылған міндеттерді уақытылы, әрі мінсіз орындағаныңыз жөн. Жарнаманың сізге қажеті жоқ, онсыз да көптің назарында екеніңізді ұмытпаңыз. Тек әр істе бірінші болуға талпыныңыз.

Тауешкі

«Еңбегіне сай өнбегі» демекші бұл аптада қандай жетістікке болсын, тек маңдай теріңізбен жете аласыз. «Аспаннан салбырап түсер» еш сый бола қоймайды. Сондықтан да өз күшіңізге ғана сеніңіз. Кез келген жағдайға шынайы қарап, бос қиялдан арылыңыз.

Суқұйғыш

Бұл аптада бәрі де алмакезек орын алмақ. Бірде тек биіктен көрінсеңіз, енді бір істе сізден төмен тұрар жан табыла қоймауы да мүмкін. Бұл жағдай көңіл-күйіңізге де біраз кері әсерін тигізуі ғажап емес. Сондықтан орын алған жағдайға ақылмен қарап, сабырлы болыңыз.

Балық

Жақындарыңыз бен достарыңызға көмектесу біраз қиынға соғуы мүмкін. Сондай-ақ қызметте орын алған кейбір жағдайлардың да сізге кері әсері болуы ғажап емес. Дегенмен оған бола уайымдамаңыз. Кез келген істе ақылыңызға жүгініп, барынша белсенділік таныта біліңіз. Ал апта соңында міндетті түрде өз дегеніңізге қол жеткізе аласыз.


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру