Валюта бағамы: $ 386.34 427.25 5.88 ¥ 54.57

Балаларға көмек беру – жауапты іс

Жыл сайын еліміз көлемінде өтетін «Мектепке жол» акциясы  біздің   мектебімізде «Балаларға бірге көмек берейік!» ұранымен өткізілуде.

Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мектепке келетін оқушылардың жаңа оқу жылына әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалудың алдын алу мақсатында назарға алып, мөлтек ауданға жауапты мұғалімдер көше аралап акцияға қолдау көрсетті. Акция барысында кесте бойынша белгіленген сынып жетекшілері мен мұғалімдер, мектеп әкімшілігі бірлесе отырып жалдамалы пәтерде тұратын үйлерді, ауыл сыртындағы саяжайларға, шаруашылық бөлімдерге, егістіктерге, базарларға, көлік жуу т.б орындарға оқушылардың қараусыз-қадағалаусыз қалуын, жағдайы төмен отбасылар мен мигранттар балаларын, басқа да себептермен сабаққа бармайтындарды анықтау мақсатында рейдтер жүргізіп, аралады. 
Акция кезінде қайырымдылық акциясына мектеп ұжымы және ата-аналардың қатысуы үшін түрлі іс-шара ұйымдастырылып, әр сыныптың жағдайы жақсы  ата-аналары мен мектеп ұжымының қатысуымен жетім, жартылай жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, көпбалалы соның ішінде жағдайы өте төмен балаларға материалдық көмек көрсету үшін түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, атқарылып жатыр.
Мектеп директоры А.Наимбаева мен мектеп әкімшілігі ұйымдасып, 43 балаға мектепке қажетті бұйымдар мен 8 оқушыға мектеп формасымен көмектесті. Әлеуметтік көмек көрсетуді қажет ететін балаларға ата-аналар мектеп ұжымымен бірігіп,  қамқорлықсыз қалған, жетім, жар­тылай жетім, көп балалы, аз қамтылған отбасылардың балаларына материалдық көмек көрсетілуде. 
Білім алу жолында балаларға көмек көрсету – жауапты іс. Жаны жомарт азаматтарымыз барда жас ұрпақ ештеңеге мұқтаж болмауы керек деп ойлаймыз.
«Кісіні кейде таршылық сынайды, кейде баршылық сынайды» дегендей, елімізде алда да, жетім, ата-анасының жылуына зәру балаларға қол ұшын беруге даяр қолы ашық, жомарт жандар көп болғай.

Ғалия ӘБШЕҚЫЗЫ,
«Шамалған станциясындағы 
қазақ орта мектебі мектепке
дейінгі шағын орталықпен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
директордың тәрбие ісі 
жөніндегі орынбасары


Пікір қалдыру

Пікір қалдыру