Валюта бағамы: $ 386.34 427.25 5.88 ¥ 54.57

Экономикалық саясат тұрақтылыққа негізделуі керек

Күннен-күнге нашарлай түскен әлемдік экономика ахуалы аясында шикізат көздері құнсызданып, еліміздің негізгі экспорттық өнімдері – мұнай мен металлдың әлемдік бағасы таң қаларлық жылдамдықпен құлдырап барады. Ауқымды теріс өзгерістер жағдайына ұшыраған экономиканың ендігі тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін Үкімет жаңа ақша-несие саясатын жүзеге асыру жөнінде нақты қадамға барып отыр.   


Соған байланысты Министрлер кабинеті мүшелерін Үкімет үйіне жинаған Премьер-министр Кәрім Мәсімов бұл жолғы селекторлық отырысты тікелей көрсетілім арқылы жүргізіп, Қазақстан халқына еліміздің Ұлттық банкімен бірлескен арнайы мәлімдемесін жасады. Онда қазіргі сәтте әлемдік экономикадағы теріс факторлардың күшеюін ескеріп, Үкімет пен Ұлттық банк экономика мен жұмыспен қамтылудың тұрақты ұзақмерзімді өсімін қамтамасыз ету үшін құрылымдық реформалар топтамасын әзірлеп жатқандығы атап өтілді. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Ұлттық банк ағымдағы жылы орташа мерзімді болашақта инфляциялық таргеттеуге көшу бойынша кешенді шараларды жүзеге асыруға кіріскен. Сөйтіп, бұл шара 15 шілдеде Ұлттық банктің теңгенің айырбас бағамын барынша оңтайлы әрі еркін қалыптастырылуын қамтамасыз ету мақсатында валюталық дәлізді кеңейту жөнінде шешім қабылдауына ұласқан-ды.
Үкімет басшысы біздің экономикамыздың негізгі тірегі болып саналатын экспорттық өнімдерімізге қатысты нарық бағаларының төмендеуі ІЖӨ өсімі қарқынын тежеп, отандық экономиканың сыртқы ықпалға әлсіздігін арттыратынына, экспорттық кірістің төмендеуі республикалық бюджет пен елдің төлем теңгеріміне кері әсер ететініне тоқталды. Сондықтан экономикалық саясат ең алдымен әлеуметтік-экономикалық тұрақтылыққа негізделуі керек. Орын алып отырған іргелі өзгерістер жағдайында жаңа экономикалық саясат экономикалық өсім мен баға тұрақтылығы арасындағы теңгерімді қамтамасыз ету үшін жаңа ақша-несие саясатын талап етеді. Осыған орай Ұлттық банк пен Үкімет 20 тамыздан бастап валюталық дәлізді алып тастауға және айырбас бағамын еркіндікке жіберуге көшуге негізделген жаңа ақша-несие саясатын жүзеге асыруға кірісті. 
Ұлттық банк теңгенің айырбас бағамы деңгейін қалыптастыруға араласпайды, бірақ, елдің қаржылық жүйесінің тұрақсыздану қаупі туындаған жағдайда валюталық интервенция жүргізу арқылы ішкі валюта нарығына қатысу мүмкіншілігін өзіне қалдырады. Ал мемлекет тарапының араласуынсыз нарық сұранысы мен ұсыныс негізінде айырбас бағамын қалыптастыру экономика өсімінің сауығуына, несие және инвестициялық белсенділіктің артуына, жаңа жұмыс орындарының құрылуына, орта мерзімді болашақта инфляцияны 3-4 пайызға дейін төмендетуге қажетті алғышарт құрады. К.Мәсімов айтып өткендей, инфляциялық таргеттеу режіміне негізделген жаңа ақша-несие саясатын жүзеге асыру экономикалық саясаттың стратегиялық міндеттерін – отандық экономиканың ұзақ мерзімді тұрақты өсіміне қол жеткізуге, инфляцияның төмен деңгейін сақтауға, жұмыспен қамту деңгейін арттыруға және ел халқының әл-ауқатын жақсартуға жәрдемеседі.
Үкімет басшысы теңге бағамының еркін жіберілуіне байланысты өңірлер әкімдеріне ба­ғаның, әсіресе, әлеуметтік маңызы бар азық-түліктер мен қызметтер бағаларының негізсіз өсіміне жол бермеу бойынша ұйымдастыру шараларын қабылдауды тапсырды. Олар штабтарға басшылық жасап, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атаулы әлеуметтік және тұрғын үй көмектерінің деңгейін арттыру арқылы халықтың әлеуметтік аз қамтылған тобына қолдау шараларын жүргізуі тиіс. Сондай-ақ К.Мәсімов жедел шараларды жалпы үйлестіруді өзінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевқа, ал әлеуметтік мәселелерді орынбасары Бердібек Сапарбаевқа жүктеді. 
Үкіметте мақұлданған Үкімет пен Ұлттық банктің инфляциялық таргеттеуге көшу жағ­дайын­дағы шұғыл шаралар жоспары бес бағыттан тұрады. Жоспар тұтастай экономиканы, оның жекелеген салаларын қорғауға бағытталған. Бұл ретте Үкімет пен Ұлттық банктің қызметі экономиканың нақты секторын қолдауға, жеке инвестиция тартуды ынталандыруға, жұмыспен қамтуға, жаңа жұмыс орындарын құруға, қаржылық тұрақтылықты ұстап тұруға, Ұлттық қор қаражатын тиімді пайдалануға, сондай-ақ республикалық бюджет теңгерімдігін қамтамасыз етуге бағытталатын болады. 
Селекторлық отырыстан соң Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Үкімет басшысы Қазақстанда металл және басқа да шикізаттың бағалары барынша төмен деңгейде болатынын, сондықтан, бұл жағдайларда мемлекет пен Үкімет сәйкесінше үлгіде әрекет етіп, өзінің экономикалық саясатын қабылдауы тиістігін баса айтты. Сөйтіп, қай кезде де бағаның құбылуына қайраң қалмаған қазақстандықтар енді мұнайдың бағасы барреліне 30-40-50 доллар болған жағдайдағы өзге экономикалық ахуалда да өмір сүріп үйренетін болды. 

Ботагөз ӘБДІРЕЙҚЫЗЫ


Оқи отырыңыз

Пікір(1)

  • Freeman Finance
    18.10.2015 at 2:24 pm

    Қайырлы күн әркім.

    Сіз несие қажет пе? Сіз бизнесін бастағысы және сіз капитал керек пе? Егер сіз қандай да бір себептермен несие немесе қаржыландыруды қажет пе? Мүдделі мейірімділікпен Freemanloanfinance@gmail.com бүгін бізге хабарласыңыз және бүгін сіздің несие алу, егер біз, тек 2% -ға арзан және қол жетімді пайыздық мөлшерлеме бойынша бәріне несие беруге ретінде Сіздің көмек, ақырында, мұнда.
    Біздің қызметтер қарыздар қолдану 3 сағат ішінде бекітіледі, жылдам және сенімді болып табылады. біз $ 20 млн барынша $ 2,000 ең аз ауқымынан несие ұсынады. Біз сертификатталған және сіздің құпиялылық бізбен 100% қауіпсіз болып табылады. Егер қарыздар немесе қаржы туралы ешқандай көбірек алаңдатты және (Freemanloanfinance@gmail.com) бойынша электрондық пошта арқылы бүгін бізге хабарласыңыз және бүгін лездік несие рұқсатын алу.

    Рахмет

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру