Валюта бағамы: $ 363.26 420.11 5.54 ¥ 52.45

Екіжақты қарым-қатынастар талқыланды

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Иордания Королі Абдалла II бен Хусейнмен телефон арқылы сөйлесті.

Мемлекет басшысы иорданиялық монархты 50 жасқа толған мерейтойымен құттықтады және оған Астананың бір көшесін Король Хусейн бен Талалдың – қазіргі Иордания Королінің әкесінің есімімен атау туралы шешім қабылданғанын хабарлады.

Әңгімелесу барысында тараптар Қазақстан республикасы мен Иордания корольдігі арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың қазіргі жай-күйі мен даму болашағын, сондай-ақ Таяу Шығыстағы жағдайды талқылады.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Король Абдалла II-ні биылғы жылы 30-31 мамырда Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының IV съезіне қатысуға шақырды. Шақыруды Иордания көшбасшысы ризашылықпен қабыл алды.


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру