Валюта бағамы: $ 327.92 399.31 5.23 ¥ 51.87

АҚСУ ФЕРРОҚОРЫТПА ЗАУЫТЫНДА жаңа өнім түрін шығару жұмыстары қыза түсуде

Павлодар облысындағы Ақсу ферроқорытпа зауыты жаңа өнім түрлерін көптеп шығаруды мақсат етіп отыр. Кәсіпорын төмен көміртекті ферроқорытпа өндірісін де қолға алып, өнім сапасын артыра түсуде.

Осы тәжірибенің арқасында отандық нарық аталған өнім түрімен толық қамтылады. Ақсудың ферроқорытпа зауытындағы осы және өзге де тың жаңалықтар металлургтер күні қарсаңында белгілі болды. Сондай-ақ, мереке күні кәсіпорынның үздік мамандары марапатталды 
Ақсудың ферроқорытпа зауыты жылына миллион тоннадан астам өнім өндіреді. Мұндағы ферроқорытпа АҚШ пен Еуропа, Қытай мен Ресей елдеріне эскпортталады. 
– Металлургтің жұмысы асқан жауапкершілікті талап етеді. Кез келген маман жан-жақты болуы керек. Жұмысты жетілдіруге атсалысып, кәсіпорынның беделін арттыруға үлес қосуы тиіс. Ақсудың ферроқорытпа зауытында шаһар тұрғындарының басым бөлігі жұмыс істейді. Сондықтан, қала тұрғандары металлургтер күнін жыл сайын асыға күтеді, – дейді Ақсу ферроқорытпа зауытының инженері Денис Сель.
Биылғы мере-кені жергілікті жұрт-шылық бар сән-салтанатымен атап өтті. Металлургтердің құрметіне Қазақстан мен Ресейдің эстрада жұлдыздары өнер көрсетіп, бүкіл жұртшылықты қуантып кетті. Бұл ферроқорытпа зауытындағы қайнаған еңбектің одан сайын жалындай түсуіне соны серпін бергендей болды. Зауыттықтар енді екінші жарты жылдықтың міндеттерін табысты орындауға бір кісідей жұмылуда. 

Ибрагим Бекмаханұлы


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру