Валюта бағамы: $ 346.68 404.02 5.47 ¥ 51.15

ЖОҒАРЫДАН КЕЙІНГІ БІЛІМНІҢ ШЕБЕРЛЕРІ

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының профессорлық құрамы ортасын осылай атауға болады.

Кафедра бес мамандық – философия, саясаттану, мәдениеттану, социология, дінтану мамандықтары бойынша магистранттарды, үш мамандық – социология, саясаттану, философия бойынша  PhD докторанттарды даярлап келеді.
Кафедра меңгерушісі, тәжірибелі ұйымдастырушы, жоғарыбілікті ғалым,    жас ғалымдардың ұстазы және педагог Ұлттық Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі, философия ғылымдары докторы, профессор  Раушанбек Борамбаевич Әбсаттаровтың басшылығымен қызмет жасайтын бұл ғалымдар ұжымы оқу-тәрбие, ғылыми шығармашылық әлеуеті жағынан университет кафедраларының алдыңғы қатарынан көрініп келеді.
Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының 70 пайызы ғылым докторлары, профессорлар.  Тек соңғы 5 жылда кафедра оқытушылары 14 монография, 10 оқулық пен оқу құралдары, 700 ғылыми және ғылыми-публистикалық мақалалар жариялады. Оның 150-шет елдерде. Жыл сайын шет ел университеттерінің білікті ғалымдары лекциялар өткізуге шақырылып тұрады. Басты назарда- оқушылардың білім сапасы мен ғылыми шығармашылық қызметі 
Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасында әлемдік ғылымда өзіндік орны бар жетекші ғалымдардың сабақ береді және  олардың қалыптасқан ғылыми мектептері жас ғалымдар үшін өзінідік жеке зерттеу лабораториялары болып табылады. Кафедрада дамытылатын  ғылыми бағыттар магистранттар мен PhD докторанттардың тікелей қатынасуымен жасалады.  Магистранттар мен PhD докторанттар жыл сайын алыс және шет елдерде ғылыми тағлымдамадан өтеді. Ғылыми-зерттеу практикалары мамандандырылғанреспубликалық дәрежедегі зерттеуші институттар базаларында өткізіледі. 
Докторанттар мен магистранттардың ғылыми мақалалары басқа басылымдар мен қатар университеттің өзінің «Хабаршы» журналында («Социологиялық және саяси ғылымдар» сериясы), жарияланып тұрады.  «Хабаршы» Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетінің   жарлығы бойынша   23.00.00 және 22.00.00 мамандықтары бойынша  диссертациялық жұмыстар нәтижелерін жариялайтын арнайы тізімге енген басылым. 
Мамандықтар бойынша магистратурада мемлекеттік тапсырыс бойынша да, гранттан тыс түскендерде (жылдық оқу ақысы-450 000 тенге) бірдей сапалы білім алуда. Озат оқығандар екінші семестрде қосымша  гранттарға ие болуда. Кафедра қаланың оңтайлы ауданының бірінде, Жамбыл көшесінің 25-үйінде (тел.2917643), Ш.Уалиханов көшесімен қиылысқан жерінде, қалалық кітапханалар мен мәдениет жүйелері кеңістігінде орналасқан. 


Тыныштық ҚАЛДЫБАЕВА,
социология ғылымдары докторы, профессор

 


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру