Валюта бағамы: $ 313.9 342.03 5.52 ¥ 45.54

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамы туралы

Қазақстан Республикасы Конституция­сының 44-бабының 3-тармағына сәйкес қаулы етемін:
1. Мыналар:
Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары;
Бердібек Машбекұлы Сапарбаев – Қазақ­стан Республикасы Премьер-Министрі­нің орынбасары;
Асылжан Сарыбайұлы Мамытбеков – Қазақстан Республика­сының Ауыл шаруашы­лы­ғы министрі;


Берік Мәжитұлы Имашев – Қазақстан Рес­пуб­ликасының Әділет министрі;
Аслан Бәкенұлы Сәрінжіпов – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі;
Тамара Босымбекқызы Дүйсенова – Қа­зақ­стан Республика­сы­ның Денсаулық сақ­тау және әлеуметтік даму министрі;
Әсет Өрентайұлы Исекешев – Қазақстан Рес­публи­касының Инвестициялар және даму минис­трі;
Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;
Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов – Қазақ­стан Республикасының Қорғаныс минис­трі;
Арыстанбек Мұхамедиұлы – Қазақстан Рес­пуб­ликасының Мәдениет және спорт минис­трі;
Ерлан Әбілфайызұлы Ыдырысов – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі;
Ерболат Асқарбекұлы Досаев – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі;
Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымов – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі;
Жанар Сейдахметқызы Айтжанова – Қазақстан Республикасының Экономикалық интеграция істері министрі;
Владимир Сергеевич Школьник – Қазақстан Республика­сының Энергетика министрі болып тағайындалсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2015 жылғы 30 сәуір. № 5

Қазақстан Республикасының   Үкіметі туралы

Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-ба­бы­ның 1-тармағына, «Қазақстан Республи­ка­сының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасы Конс­титуциялық заңының 4-бабына  сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне кіріскен кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілеттігін доғаруына байланысты қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаратын болсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Президенті Н.НАЗАРБАЕВ.

Астана, Ақорда, 2015 жылғы 29 сәуір.  №1

Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия туралы

Институционалдық реформаларды іске асыру, қазақстан­дық қоғам мен мемлекетті одан әрі жаңғырту мақса­тында және Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына сәйкес қаулы етемін:
1. Осы Жарлықтың қосымшасына сәйкес құрамда Қазақстан Республикасының Президенті жанында Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия (бұдан әрі – Ұлттық комиссия) құрылсын.
2. Ұлттық комиссия екі апта мерзімде Қазақ­­­стан Республикасы Президентінің қарауына: 1) Ұлттық комиссия туралы ереже жобасын; 2) Ұлттық комиссияның жұмыс жоспарының жобасын; 3) институционалдық реформаларды іске асыру жөніндегі жұмыс топтары бойынша ұсыныстар енгізсін.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бас­тап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2015 жылғы 30 сәуір. № 6

 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі №6
Жарлығына ҚОСЫМША

Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның құрамы

Мәсімов Кәрім Қажымқанұлы  –
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға
Нығматулин Нұрлан Зайроллаұлы  –
Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Басшысы, төрағаның орынбасары
Комиссия мүшелері:
Бейсембаев Асқар Асанұлы  –
Қазақстан Республикасының Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары
Донақов Талғат Советбекұлы  –
Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары
Досаев Ерболат Әскербекұлы –
Қазақстан Республикасының Ұлттық  экономика министрі
Майлыбаев Бағлан Асаубайұлы –
Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары
Назарбаева Дариға Нұрсұлтанқызы –
Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары
Орынбаев Ербол Тұрмаханұлы –
Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі
Шигео Катсу – «Назарбаев Университеті» ДББҰ президенті

 

 

 

 


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X