Валюта бағамы: $ 314.4 343.83 5.51 ¥ 45.6

Өңірлік басымдық өзекті мәнге ие

Премьер-министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында қаржы-экономикалық блок бойынша кең ауқымды мәселелер қаралды.  
Отырыста ұлттық экономика министрлігінің басшысы 2014 жылдың 9 айындағы «Ақ бұлақ» бағдарламасын жүзеге асыру қорытындылары туралы баяндады. Е.Досаев хабарлағандай, «Ақ бұлақ» бағдарламасының іс-шараларын жүзеге асыруға 2014 жылы 112,8 млрд теңге қарастырылса, олардың ішінде ауылдар мен қалаларда сумен жабдықтауды және су бұруды дамытуға 91,8 млрд теңге бөлінген. «2014 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдар 63,64 млрд теңге немесе есептік кезең жоспарына 97,9% игерді.

Игермеудің басты себебі конкурстық процедуралардың кеш өткізілуі болып отыр, бұл жұмыс өнімділігі кестесінен қалуға және нысандарды пайдалануға беру мерзімдерінің орындалмау қаупіне алып келді», деп түсіндірді министр. Осы ретте «Ақ бұлақ» бағдарламасы 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін «2020 жылға дейін өңірлерді дамыту» бағдарламасына ықпалдастырылғанын ескере отырып,  Е.Досаев оны жүзеге асыру үшін өңірлік басымдықтар принципін жүзеге асыру қажеттігін атап өтті. 
«Бірінші кезекте тірек елді мекендерді, агломерация мен шектес аумақтарға енетін елді мекендерді, келешекте экономикалық өсім орталығына айналуға қабілетті даму әлеуеті жоғары ауылдарды ауыз сумен қамтуға назар аударылуы тиіс. Осыған байланысты, жергілікті атқарушы органдар үш жылдық кезеңде жобалауға және жүзеге асыруға жоспарланған жобалар тізімін үйлестірулері қажет. Әсіресе су қорларын толық барлау қажет болатын елді мекендердің тізімін үйлестіру аса маңызды», деді министр.
Отырыста қаржы-экономикалық блоктың өзге де маңызды мәселелері қозғалды. Атап айтқанда, үкімет мүшелері мүлікті заңдастыруға, квазимемлекеттік сектор нысандарын жекешелендірудің екінші толқынына, ұлттық қордан шағын және орта бизнесті қолдауға бөлінген 100 млрд теңгені игеруге, сонымен қатар, «Агробизнес-2020» және Жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламаларын жүзеге асыру барысына қатысты мәселелерді кеңінен талқылады. 
Аталған тақырыптар бойынша қаржы министрі Б.Сұлтанов, ұлттық экономика министрі Е.Досаев, инвестициялар және даму министрі Ә.Исекешев, ауыл шаруашылығы министрі А.Мамытбеков, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т.Дүйсенова баяндама жасады. 
Отырыс барысында 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді. 
Ботагөз ӘБДІРЕЙҚЫЗЫ

 


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X