Валюта бағамы: $ 335.33 395.49 5.7 ¥ 50.75

ЭНЕРГИЯ ҚУАТЫ – ЕЛДІҢ ҚУАТЫ. Ол бізден ұқыптылық пен үнемділікті талап етеді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев  таяуда  ғана еліміздегі индустриалдық-инновациялық бағдарламаларды іс жүзіне асыру жөніндегі жұмыстар туралы үкімет есебін тыңдаған жиында сөйлеген  сөзінде  энергия қуатын  тиімді және үнемдеп пайдалану мәселесіне  айрықша назар аударудың қажеттігін ашып айтты.   

Елбасы осы мәселеге байланысты Оңтүстік  Кореяның  электр энергиясы шығынын тасымалдау кезінде  күрт  төмендету технологиясын  қалай пайдаланып жатқандарын   мысал етті. Президент осыған орай  тараптарды  жаңа электр  станциялары құрылысына екпін беруден гөрі, олардың қолданыстағыларын, яғни қолда барын жаңғырта түсуге  шақырды.
Қазіргі уақытта елімізде «Энергияны үнемдеу – 2020»  бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бұл бағдарлама өткен жылдың  тамыз айында бекітілді.

 

Бағдарламаның басты мақсаты – энергия қуаты сыйымдылығын  жан басына шаққандағы ішкі пайда табуын Қазақстан Республикасында қысқарту үшін  қолайлы жағдай туғызу және энергия қуаты тиімділігін арттырудың жолын табу, сондай-ақ  энергия тұтыну мен  отын-энергетикалық ресурстарды  жөнсіз  пайдаланушылықты  жою болып табылады.  Аталмыш бағдарламада сонымен қатар энергия қуатын  үнемдеп, ұқыпты пайдалану  және  экономиканың тоғыз бағыты бойынша  әртүрлі секторларда  энергияның тиімділігін арттыруға бағытталынған  жаңа қосымша шаралар қарастырылуда. Атап айтқанда, энергиялық тиімді өнеркәсіп, инновациялық  энергетика, энергиялық тиімді тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, энергиялық тиімді құрылыс, энергиялық тиімді  көліктік сала, энергиялық тиімді бюджеттік сектор, энергиялық тиімді жарықтандыру, энергиялық тиімді қоғам, экономикалық төлем бағыттары бойынша жұмыстар жүзеге асырылатын болады.
Сондай-ақ  Қазақстанда  2012-2015 жылдарға арналған  энергия тиімділігін арттырудың  кешенді жоспары  жүзеге асырылу үстінде. Мұнымен қатар бүкіл облыстардың, Астана және Алматы қалаларының  әкімдері энергия үнемдеудің 16 аймақтық  жоспарларын пайдалануда.
Өткен жылы  мемлекеттік энергетикалық реестр жасақталынды. Негізінен тізімге 1 781 субъект енді. Бұл 50 ірі мемлекеттік  энергетикалық реестрден  еліміздің  жалпы энергия тұтынушыларының  40, 1 пайызын құрайды, оладың 11-і қазіргі кезде энергия менеджмент жүйесін енгізді.

Ислам АСПЕНДИЯР


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X