Валюта бағамы: $ 335.24 395.82 5.82 ¥ 50.65

АСТЫҒЫМЕН ӘЙГІЛІ АЙМАҚ дән экспорттауға да мән беруде

Қостанай облысында үстіміздегі жылдың бірінші жарты жылдығында шетелдік сатып алушыларға 1 млн тоннадан астам  астық  жөнелтілген екен. Бұл 2013 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 16 пайызға көп.  Қостанай – еліміздегі астықты мол өндіретін өлкелердің бірі. Мұнда астық жеткізілімдерінің шамамен бестен бір бөлігі  немесе 278 мың тоннасы елдің басқа аймақтарына жөнелтілетін көрінеді. Бұл көрсеткіш те өткен жылмен салыстырғанда 8 мың тоннаға өсіп отыр. Ал, шығарылған макарон өнімдерінің жалпы көдемі 12,5 мың тоннаны құрайды.

Яғни, бұл Қостанайдан экспортқа осы өнімнің 35 пайызы жіберілетінін дәлелдейді.
Биылғы жылдың ауа райының құрғақшылығына қарамастан Қос­танай облысының диқандары бір­­шама бітік егін өсірді. Қазір аймақтың барлық егін өсіруші шаруашылықтарында егін жинау науқанын ұйымшылдықпен және ысырапсыз аяқтап шығу жолындағы қызу еңбектің дүбірі өз өрісін алып отыр. Дәнді алқаптарда сап түзеген дала кемелері – комбайндардың гүрі­лі соның дәлелі.
Мұны жақында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қостанай облысына барған сапарында  өз көзімен көрді. Сондағы Елбасының: «Облыста жаппай жиын-терін басталды. Мұнда жалпы елдегі  астықтың әрбір 4-ші тоннасы жиналады», – деген сөзі қостанайлық диқандардың еңбе­гіне берілген  әділ баға болатын.  
Елбасының осы сөзімен қанат­тан­ған қостанайлықтар қазір барлық күш-жігерлерін  егінді қысқа мерзімде  және сапалы аяқтауға жұмылдыруда.
Астық — ел игілігі, ол – отандық өнімнің басты көрсеткіші. Өйткені, барлық астың атасы – наннан қадірлі және қасиетті ештеңе жоқ.

Ислам Асфендияр


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X