Шығармашылық орта

РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫНЫҢ ЖАҢА МҮШЕСІ

Әли Әжімұлы Әбішев

Әли Әжімұлы Әбішев

1986 жылы С.М. Киров атындағы ҚазМУ-ды, 1993 жылы Ленинград мемлекеттік университетін, 1993 жылы Кентукки штатының университетін (АҚШ) тәмамдаған, экономист. Экономика ғылымдарының докторы (2000), профессор (2002). Ресей Гуманитарлық ғылымдар Академиясының академигі.

Редакция алқасының жаңа мүшелері

Фото КалиеваҒани Әлімұлы Қалиев

1938 жылы Жамбыл облысында туған. 1962 жылы Қырғыз мемлекеттік университетін, 1967 жылы М.В.Ломоносов атындағы Москва мемлекеттік универ­си­те­тінің аспирантурасын бітірген. Мамандығы – экономист.
Еңбек жолын 1962 жылы Жамбыл облысының «Майтөбе» кеңшарында аға экономист қызметінен бастаған. Әр жылдары халық шаруашылығы институында оқытушы, Қазақ экономика және ауыл шаруашылығын ұйымдастыру ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер, директордың ғылым жөніндегі орынбасары, бөлім меңгерушісі, одан кейін Қазақ қой шаруашылығы ҒЗИ директоры қызметтерін атқарған. 
1988 жылдан – Қазақ экономика және АӨК ұйым­дас­тыру ҒЗИ директоры, 1991-1996 жылдар аралы­ғында Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдары академия­сының президенті болды.
Экономика ғылымдарының кандидаты, доктор Ғ.Ә.Қалиев ВАСХНИЛ-дің толық мүшесі, ҚР Ұлттық ғы­лымдары академиясының академигі, 300-ден аса ғы­лыми еңбектердің авторы, нарықтық реформаның не­гізін қалаушы көптеген алғашқы буын заң жобаларының бастамашысы және авторы. Қазақ КСР еңбек сіңірген ғылым қайраткері, «Парасат» орденімен, «Астана» медалімен, «Тыңға 50 жыл»  медалімен марапатталған.