Шолушы бағаны

Береке бастауы

Bekbolatuly

Жетпісбай Бекболатұлы,
әл-Фараби 
атындағы ҚазҰУ
кафедра меңгерушісі 
e-mail: Zhetpisbay.Bekbolatuly@kaznu.kz 

Ел экономикасының халықаралық шаруашылық қарым-қатынастарға кірігуінің басты белгілерінің бірі оның экспорттық әлеуеті болып табылады. Қазақстанның сырт өлкелерге шығаратын ең негізгі өнімдерінің сапын көмірсутекті шикі­заттар бастаса, одан кейінгі орынды түсті және қара металлургия экспорты иеленеді. Индустрия «нанынан» соңғы үшінші қатарда қалам­герлер мен сазгерлер шығармашылығына сан рет арқау болған ауыл шаруашылығының басты өнімі – алтын астық тұр.

Кемел елдің келешегі

Bekbolatuly

Жетпісбай Бекболатұлы,
әл-Фараби 
атындағы ҚазҰУ
кафедра меңгерушісі 
e-mail: Zhetpisbay.Bekbolatuly@kaznu.kz 

Жаңа, 2017 жыл күнтізбесінің алғашқы парақтарын аудара отырып, әдеттегідей өткен күнге ойша көз жібереміз, қол жеткізген же­тістіктерді таразыға тартып, кемшіліктер мен олқылықтардың орнын толтыру жолдарын қарастырамыз. Осы орайда тарту-таралғысын молынан сыйлаған 2016 жыл отандық тарихымызға ел егемендігінің ширек ғасырлық мерекесімен, әлемнің саяси карта­сындағы ғаламдық өзгерістердің бастауы болған желтоқсан сілкінісінің 30 жылдығы және Еуразияны дүр сілкіндерген ұлт-азаттық көтерілісінің ғасырлық датасы сияқты айтулы оқиғалармен енгеніне көңіл бөле отырып, еліміздің экономикалық дамуының түйінді тұстарына назар аударамыз.   

Инновация – ілкімділік кепілі

Bekbolatuly

Жетпісбай 
БЕКБОЛАТҰЛЫ,
әл-Фараби атындағы
 ҚазҰУ профессоры
e-mail: jebe55@mail.ru

Телегей теңіз дарияның жағаларын алмастыратын, бірде алапат, бірде момақан толқын туралы жазбаған ақын-жазушы кемде кем. «Алдыңғы толқын ағалар, кейінгі толқын інілер» деген Абай шумақтарының өзі неге тұрады?! Көркем өнерде тоз-тозы шыққан көнені жайқалған жас өркен алмастырады. Ал, жалпы алғанда толқын табиғаты туралы түрлі теория, байыптау мен болжам атаулы ғылымда да жеткілікті. Мәселен, экономистерге жақсы таныс Кондратьев толқындары қазақтың «елу жылда ел жаңа» деген даналық нақылының өміршеңдігіне айғақ болады. 

Ұлт жоспарының қарышты қадамдары

Bekbolatuly

Жетпісбай 
БЕКБОЛАТҰЛЫ,
әл-Фараби атындағы
 ҚазҰУ профессоры
e-mail: jebe55@mail.ru

Дуалы ауыздардың айтуынша, жиырма бірінші ғасырдың әр күні – айға, әр жылы – ғасырға татиды. Сондықтан да ырғалып-жырғалуды көтермейтін, бүгінгінің ісін ертеңге қалдыруға көнбейтін зымыран заманның ырғағынан жаңылып, «қолымызды мезгілінен кеш сермеп» жатсақ, мұны кешегі Алаш арыстарының аруағы да, келешек ұрпақтар да кешпек емес. Сондықтан да Елбасымыз экономиканы, әлеуметтік саланы, саяси жүйені дамытудың ақпараттық-цифрлық өркениет талаптарына орайластырылған «Мемлекеттік құры­лыстың одан арғы 100 нақты қадамы» атты Ұлт Жос­парын ұсынған болатын. 

Тәуелсіздік туын тіккен Елбасы

Bekbolatuly

Жетпісбай 
БЕКБОЛАТҰЛЫ,
әл-Фараби атындағы
 ҚазҰУ профессоры
e-mail: jebe55@mail.ru

Тұлға – тарих перзенті. Замана көшіне ілескен халқымыз кейде өрге бет алып, кейде ылдиға құлаған соқтықпалы, соқпақсыз жолының толғақты тұста­рында уыстан сырғып бара жатқан бөрілі бай­рақ­ты әлеуетті қолымен қайта тіктеп, желбі­реткен даңғайыр дана көсемдерге кенде болма­ған. Қолам­та­дағы әлсіз шоққа дем берген олар елдік пен ерліктің отын лаулата білген. Дүрмегі мол дүбірлі жиырмасыншы ғасырдың соңында Тәуелсіздік туын асқақтата көтеріп, ұлттың даму бағытын жаңа, егемен дәуірге бұрған ұлы тұлға – Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев еді.

Ұлттық экономика дамуының он айлық қорытындылары

Bekbolatuly

Жетпісбай 
БЕКБОЛАТҰЛЫ,
әл-Фараби атындағы
 ҚазҰУ профессоры
e-mail: jebe55@mail.ru

Елдің әлеуметтік-экономикалық өмірінің айнасы – нақты цифр тілімен сөйлейтін статис­тика деректерінің жауырды жаба тоқымайтыны айқын. Пайызға шағылған көрсеткіштерден қол жеткен жетістіктер де,   сан соқтырар кемшін тұстар да жасырын қала алмайды. Айталық, экономика дамуының жиынтық мағлұматы – жалпы ішкі өнім көлемі есептегі кезеңде 19357,1 млрд. теңгеге жетіп, 2015 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғандағы өсім 0,1 пайызды құрады. Әлемнің басты нарықтарындағы құлдырау әлі де жалғасып отырғанда, бұл көрсеткішке шүкір деуіміз керек. 

Тәуелсіздікке тірек болған төл теңге

Bekbolatuly

Жетпісбай 
БЕКБОЛАТҰЛЫ,
әл-Фараби атындағы
 ҚазҰУ профессоры
e-mail: jebe55@mail.ru

Етек-жеңін қымтап, шаңырағын тіктеген егемен елдің халықаралық қауымдастық тарапынан мойындалып, әлемнің саяси картасына түскен шекарасымен, өзіндік әнұраны және байрағымен бірге оның өзге мемлекеттермен экономикалық қарым-қатынастарын бір ізге түсіріп, ұлттық шаруашылық жүйесін қалыптастыратын тұғыр-тіректерінің бірегейі төл валюта болып табылады. Қазақтың талай рет тарих талқысына түсіп, қайта оралған теңгесінің айналымға енгеніне де, міне ширек ғасырға жуық уақыт өтіпті. 

Жаңа үкіметтің нық қадамы

Bakitzhan Dauletbak

Бақытхан дәулетбақов, экономика ғылымдарының докторы

Жыл бойғы жұмыстың нәтиже-қорытын­дылары шығарылатын шешуші кезең – төртінші тоқсан басталар алдында төрге озған жаңа Үкіметтің қауырт іске бірден бел шеше ара­ласқаны өзінен-өзі түсінікті. Оның үстіне «балапан саналар» күз кезеңінің қарбаласы атқа­рушы биліктің ырғалып-жырғалуына уақыт та қалдырмады. Макроэкономикалық ахуалды ой елегінен өткізіп, әлемдік шаруашылық байланыстарда қалыптасып отырған жағдайды сараптаған жаңа Үкімет Елбасының Дағдарысқа қарсы бағдарламасын жүзеге асыруға қызу кірісіп кетті.