Спорт

БАҚ ШАБА МА, БАП ШАБА МА?

БАҚ ШАБА МА,  БАП ШАБА МА?

2011 жылғы рекордты қайта бағындыра аламыз ба?

Өткен жексенбі күні Жапонияның Саппоро қаласында VІІІ қысқы Азия ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтті. «Саппоро-доум» стадионында өткен думанды шеруде Қазақстанның көк туын шаңғышы, бес дүркін Қазақстан чемпионы, Сочи олимпиадасының қатысушысы  Ердос Ахмадиев ұстап шықты.

РАХМЕТ САҒАН, АЛМАТЫ, АРМЫСЫҢ, КРАСНОЯРСК!

sport2

Жалпыкомандалық есепте екінші орындамыз

Еліміздің ең үлкен шаһары болып саналатын Алматыда ХХVІІІ Қысқы Универсиада өз мәресіне жетті. Он күнге созылған бәсеке барысында әлемнің 54 мемлекетінен 1613 сайыпқыран спорттың 12 түрінен сынға түсті. Нәтижесінде 543 медаль сарапқа салынған дүбірлі дода барысында қазақ спортшылары 11 алтын, 7 күміс және 16 қола, яғни барлығы 34 жүлде санымен бейресми командалық есепте екінші орыннан көрінді.

АҚ УНИВЕРСИАДА – АЛМАТЫДА

16-4

Қыздарымыз жарап тұр

Өткен жексенбі күні Алматыда 28-ші Дүниежүзілік Қысқы Универсиада басталды. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылғы 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиаданың ашылу рәсіміне қатысты. Мемлекет басшысы салтанатты іс-шараға қатысушыларды Алматыдағы ғаламат спорт мерекесінің басталуымен құттықтады. 

ҮКІЛІ ҮМІТТЕР БӘЙГЕСІ

2017

Жексенбі күні Алматыда 28-ші Ақ Универсиада басталмақ

Қазақ елі ғана емес, бүкіл ТМД мемлекеттері арасында тұңғыш рет өткізілгелі отырған Дүниежүзілік Қысқы Универсиадаға әлемнің беделді де тәжірибелі спортшылары қатыспақ. Осыдан-ақ бәсеке барысында жүлделер үшін таластар тартысты өтеді деп күтілуде. Қазір еліміздің ең мықты 175 спортшысы үздіксіз жаттығулар жүргізуде. 

НАМЫС СЫНҒА ТҮСЕР СӘТ

2_Universiada_2017_2

28-ші Қысқы Универсиаданың басталуына 10 күн қалды

Биылғы жылдың Дүниежүзілік қысқы Универсиаданың допингке қарсы жүйесін құру бойынша тәжірибесі басқа халықаралық спорт жарыстарын өткізуде қолданылуы мүмкін, деп хабарлайды Универсиаданың ресми сайты.  Универсиаданың допингке қарсы күрес жұмыстарын қамтамасыз ету үшін арнайы дайындалды. 

Баландин – Бүкіләлемдік Универсиада ойындарының елшісі

баландин

ҚазҰУ студенті, Рио Олимпиадасының чемпионы Дмитрий Баландин Бүкіләлемдік Универсиада ойындарының елшісі болып тағайындалды. Республикалық комиссия 2017 жылдың 28 қаңтарынан бастап 8 ақпанға дейін жалғасатын ірі спорттық жоба – 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада ойындарында алау ұстаушылар тізімін бекітті.

ЖІГЕРЛІ ЖАСТАР – ЕЛ БОЛАШАҒЫ

Ақ Универсиада3

Студенттер арасындағы бәсекеге 17 күн қалды

Алматыда студент-жастар арасында Универсиада сайыстары спорт­тың 12 түрі бойынша өтеді. Бұлардың арасында тау шаңғысы, биатлон, шаңғы жарысы, шаңғы қоссайысы, шаңғымен трамплиннен секіру, сноуборд, фристайл, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, конькимен жүгіру спорты, шайбалы хоккей (ерлер және әйелдер арасында) және кёрлинг ойындары бар.

АҚ УНИВЕРСИАДАҒА ДАЙЫНДЫҒЫМЫЗ ҚАЛАЙ?

Универсиада

Спорт әлемінде жарыс атаулы жетіп артылады. Олардың алды, әрине, олимпиадалық ойындар. Одан әрі Әлем чемпионаттары мен Әлем кубогі жолындағы жарыстар, құрылықтық ойындар мен чемпионаттар, сондай-ақ түрлі деңгейдегі халықаралық турнирлерге жалғасып кетеді.  Биылғы  жылы елімізде алғаш рет ХХVIII Дүниежүзілік қысқы Универсиада Алматыда өтеді. Алып шаһарда өткізу туралы ресми шешім 2011 жылдың аяғында Брюссельде Халықаралық студенттік спорт федерациясының (FISU) дауыс беруінде қабылданған еді. Елімізде өтетін Дүниежүзілік қысқы Универсиаданы өткізу мен ұйымдастыру бойынша келісімшартқа FISU, Алматы қаласы мен ҚР Ұлттық студенттік спорт федерациясының жетекшілері қол қойған болатын.