Біздің сұхбат

Ауыл кәсіпкерлеріне қолдауды күшейтуіміз керек

Чинкисбаева

Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының 2016 жылғы қорытынды жұмыстарының бірі аудандық және қалалық Кәсіпкерлер палатасы филиалдары жанынан Кәсіпкерлер кеңестерінің құрылуы болды. Олардың құрамына ауылдар мен округтардың танымал бизнесмендері кірді. Кеңестің басты мақсаты – ауыл кәсіпкерлерінің рөлі мен белсенділігін арттыру. 2017 жылы ӨКП-ның осы бағыттағы жұмысы жалғасын таппақ.

Рухы мықты адам сан түрлі белестерді бағындырады

saparkizi

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің экономика және бизнес жоғары мектебі менеджмент және маркетинг кафедрасының меңгерушісі, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, экономика ғылымдарының докторы, профессор Қарлығаш Сапарқызы Мұхтаровамен сұхбат.

590 млрд 742 млн теңге жария етілді

Сергей-Родин-293x350

Елбасының бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарында мүлікті және қаржыны заңдастыру рәсімдерін оңайлату бойынша қолданыстағы заңға өзгертулер және толықтырулар енгізу жағы қарастырылған болатын. Осыған орай 2015 жылдың 13 қарашасында Мемлекет басшысы оның тәртібін жүргізудің жаңа жолдарын айқындайтын мүлікті жария ету мәселелері бойынша заңға қол қойды. Осылайша «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңымен ақшаны және мүлікті жария ету рәсімдерін айтарлықтай жеңілдететін өзгерістер енгізілді. Заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жайында «ҚР Ұлттық Банкі» РММ Батыс Қазақстан филиалы директорының орынбасары Сергей Родинді әңгімеге тарттық.

Ең үлкен байлық – халықтың құрметі

Сұлтан Сүлейменұлы

Ол өзінің ғибратты ғұмырын еліміздің саяси өмірімен тікелей байланыстырған бірден-бір тұлға. Ел басына күн туғанда, етікпен су кешкен қайратты ер. Өзіне тән принципшілдігімен және жауапкершілігімен бүкіл күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін республикамыздың экономикалық қуатын нығайтып, өркендетуге жұмсаған майталман маман. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Ұлы Отан соғысының белсенді қатысушысы Сұлтан ЖИЕНБАЕВТЫҢ азаматтық келбетін туған халқы осылай біліп-бағалайды. Бүгінде 95 жасқа толып отырған абыз ағаның осынау өнегелі өмір жолына қаныға түсу үшін мерейтой иесін әңгімеге тартқан едік. 

Геологтар өз кәсіптеріне адал

5

Бисен Даумов,
Батыс Қазақстан облысындағы

«Жайықгидрогеология» ЖШС-ның бас директоры

Батыс Қазақстан облысындағы «Жайықгидрогеология» ЖШС-ның бас директоры Бисен Даумовпен компанияның өткен жылғы жұмыс қорытындылары және биылғы жұмыс жоспары жайында әңгімелескен болатынбыз.

Жарқын ФАЗЫЛОВ, Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары:«Бізде рухы мықты жандар жұмыс істейді»

IMG_0940 чсфазылов-1

Биыл еліміздегі төтенше жағдайларға қарсы қызметтің құрылғанына 20 жыл толып отыр. Содан бергі уақыт ішінде елімізде төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою бойынша тапсырмаларды жоғары деңгейде орындай алатын, жедел әрекет ететін әлеуетті әрі шұғыл жүйе қалыптасты. Біз осы кәсіби мерекеге орай, тәуліктің 24 сағатында кез келген төтенше жағдайларда аянбай, өз істерін сапалы атқарып жүрген азаматтардың қызметі туралы сала мамандарының өзінен сұрауды жөн көрдік. 

ШЫДАМ МЕН ТӨЗІМ СЫНҒА ТҮСКЕН ШАҚ

Правление АО ММГ

Қазіргі таңда бүкіл әлемді шарпыған жаһандық экономикалық дағдарыс көптеген компаниялардың қаржылық тұрақтылығын ғана сын тезіне салып қойған жоқ, сонымен қатар олардың өндірістік және әлеуметтік бағдарламаларының қаншалықты жан-жақты, оңтайлы ойластырылғандығы мен маңыздылығы үшін де үлкен сынақ болып отыр. 
Осынау өтпелі қиын кезеңде «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамы қандай қиындықтармен бетпе-бет келді, қаншалықты тәуекелге бел буып отыр және кәсіпорынның болашақтағы даму көкжиектері қандай? 
Компанияның бас директоры Сунь Синъюнь мен бас директордың бірінші орынбасары Бақыт Алтайұлы Иманбаев мырзалармен сұхбатымыз осы және басқа да мәселелер төңірегінде өрбіді.

Азаматхан ӘМІРТАЙ, «Инвесторлар альянсы» республикалық қоғамдық бiрлестiгiнiң президентi:Кәсіпкерлікті ғылым ретінде зерттеуді дамытуымыз керек

c72431

Бүгінгі таңда еліміздегі шағын және орта бизнестің динамикалық дамуына жағдай жасау үшін ең алдымен оған құйылатын қаржы көздерінің жүйесін  қалыптастыру қажет. Сондықтан, кәсіпкерлікке берілетін аз пайыздық несиеден бөлек, жан-жақты инвестиция тарту мәселесі күн тәртібіне шығып отыр. Қазақстан нарығында былтырдан бері 15-ке тарта үлкенді-кішілі жобаларға инвестиция құюды ұйымдастырып, бірнеше кәсіпкермен инвестор-компанияларды бір ортаға біріктірген «Инвесторлар альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігі жұмыс істеуде. Альянстың бүгінгі жай-күйімен кеңірек танысу үшін бiрлестiктiң президентi Азаматхан Әміртай мырзамен сұхбаттасқан едік.