Ақпарат

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР – ІЛГЕРІ ДАМУ КЕПІЛІ

ОҚО-да жылына 30 мың тонна құс етін өндіретін фабрика салынбақ

 

Шетелдік ірі компаниялармен іскерлік байланыс жасау қазір барлық аймақтарда өз жемісін беріп келеді. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі  Жансейіт Түймебаев Сауд Арабиясы Корольдігінің  шейхы, «АL Ramez Group» компаниясының президенті Абдулла Заид әл-Мелеихимен кездескен кезде аймақ экономикасына үлкен пайда әкелетін жобалар төңірегінде келелі әңгіме қозғаған болатын.

Өзен-көлге бай өлкеде балық өсіру неге мардымсыз?

19ryba

Ақ Жайық өңірі – өзен-көлге бай. Табиғаттың мол сыйына қоса табиғи климаттық жағдай да балық өсіруге қолайлы. Алайда қазіргі уақытта су айдындарын пайдалануға алған кәсіпкерлердің көпшілігі балық ресурстарын және басқа да су жануарларын өсіруге, көбейтуге және оларды қорғау үшін тиімді жолдарды  қарастыруға аса құштар емес. Анда-санда өтетін жәрмеңкеде болмаса, қала тұрғындары делдалсыз балғын, яки тірі балық сатып ала алмай жүр. Ауылдағылардың да су жағасында тұрып, бал татыған балық сорпасын ішіп отырғаны шамалы. 

ӨНДІРІСІ ӨРГЕ ТАРТҚАН КӘСІПОРЫН

фрезировшы Ізбасар ШЫнтеміров жұмыс үстінде копия

Еліміз тәуелсіздік алған елең-алаң тұста бұрынғы одақтас елдер арасындағы экономикалық байланыстардың жібі үзіліп, өндірісшілердің көбі абдырап қалды. Сол кезде Оралдағы механикалық зауыттың басшылығының орнында бөгде біреулер болғанда аумағы атшаптырым кәсіпорынның орнына сауда-ойын сауық орталығын ашып, ақшаны күректеп емес, вагондап табар ма еді… 

Атырауға әп-сәтте жетесіз

аэропорт

Желтоқсанның 2-сінде «QAZAQ AIR» әуе компаниясының ұшағы Атырау қаласынан Оралға алғашқы рейсін бастады. Акциясы «Самұрық-Қазына» АҚ-ға тиесілі  «QAZAQ AIR» АҚ  облыс орталығын еліміздің батысындағы қалалармен өзара байланыстырмақ. Бұл туралы Орал қаласының халықаралық әуежайында өткен баспасөз мәслихатында мәлім болды.

Атырауға әп-сәтте жетесіз

гофрокартон шепель

Желтоқсанның 2-сінде «QAZAQ AIR» әуе компаниясының ұшағы Атырау қаласынан Оралға алғашқы рейсін бастады. Акциясы «Самұрық-Қазына» АҚ-ға тиесілі  «QAZAQ AIR» АҚ  облыс орталығын еліміздің батысындағы қалалармен өзара байланыстырмақ. Бұл туралы Орал қаласының халықаралық әуежайында өткен баспасөз мәслихатында мәлім болды.

Аудан орталығы газдандырылды

kaztrasgas

«ҚазТрансГаз» АҚ Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының орталығы Ырғыз кентіндегі көшеаралық және жеткізуші газ құбырының құрылысын аяқтап, 6 000 тұрғынды «көгілдір отынмен» қамтамасыз етті. Инвестициялық жоба Ұлттық оператордың Ақтөбе облысының елді-мекендерін газдандыру және газ тарату жүйелерін жаңғырту аясында жүзеге асырылды. 

ЖЕРГІЛІКТІ МАМАНДАР ТАРТЫЛҒАН

Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету

 Ақтөбе өңірінде «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы жалғастырылуда

Ақтөбеде өңірдегі «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасын жалғастыратын жергілікті мамандардан құралған жұмыс тобы құрылды. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен кеңейтілген жиналыста аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев хабарлады.

Жұмыс тобының құрамына Әйтеке би, Байғанин, Ырғыз, Қарғалы, Қобда, Мәртөк, Ойыл аудандарында жобаның жеті бағыты бойынша жұмыс жасайтын 156 сарапшы кіреді. Белгілі болғандай, аталмыш аудандар «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасын 29 қыркүйек – 28 қазан күндері жүзеге асыру кезінде қамтылмай қалған. Көрсетілген аудандардағы жұмыс 10-қарашада басталып, 10-желтоқсанда аяқталатын болады. Басты назар халықтың өзекті әлеуметтік мәселелерін шешуге, облыстағы қала және ауыл тұрғындарына мемлекеттік және салалық бағдарламалардың жүзеге асырылуын түсіндіруге, өңірдегі бизнес ортаны дамытуға аударылады. Бұдан өзге, облыс әкімі экстремистік және террористік қызметтердің қаржыландыру көздерін анықтап, жолын кесумен айналысатын жұмыс тобының да құрылатындығын хабарлады.
– Облысымызға Астанадан келген топ 30 күн ішінде Ақтөбе қаласы мен 5 ауданда үлкен жұмыстар атқарды. Ең бастысы, біз бірлесе отырып жұмыс жасауымыз керек. Аталмыш топтың міндеті – тек кемшіліктерді көру ғана емес, басты қызметі оларды шешуге бағытталуы тиіс, – деді Бердібек Сапарбаев.
Елбасы тапсырмасы бойынша «Халық қауіпсіз­дігін қамтамасыз ету» ауқымды жобасы Ақтөбе облысында 29 қыркүйек пен 28 қазан аралығында жүзеге асырылған болатын. Өңірге Астанадан 230 сарапшыдан тұратын ведмствоаралық топ келді. Жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен топ мүшелері облыстың 145 мың тұрғынын қамтитын 2,6 мың іс-шараларды өткізді. Осындай үлгі боларлық істерді жалғастырып, белгілі жоба бойынша тиісті жұмыстарды пәрменді жүргізу жергілікті сарапшылаға жүктеліп отыр.

Ибраш ТҰРЫМБЕТ

ОҚО ШАРУаЛАРЫ ЕРЛЕДІ

Аймақ тынысы

Олар дәнді дақылдар жинаудан рекордтық көрсеткішке жетті

Оңтүстік Қазақстан облысының шаруалары еліміз егемендік алған ширек ғасырда дәнді дақыл жинау бойынша үздік көрсеткішке қол жеткізіп, рекорд орнатты, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.